×

Айтыскер ақын президент Тоқаевты айтысқа шақырды

"Президентіміз театрға келді, енді айтысты тамашаласын"

Айтыскер ақын президент Тоқаевты айтысқа шақырды
Коллаж: Qaz365.kz

«Assyltas» арнасындағы подкастқа қонаққа келген айтыскер ақын Қазірет Бердіхан желтоқсан айында өтетін «Алтын домбыра» айтысына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Менде мынандай ұсыныс бар:  Драматург Думан Рамазанның Астанада «Жошы хан» туралы пьесасы сахналаған кезде Президент келді. Қасым-Жомарт Тоқаев риза болып, сол театрға ұлттық деген статусын беретінін айтты.  Енді қазақтың төл өнері айтысқа да мемлекет басшысы келуі керек. Бір-екі сағат отырып тыңдағаны жөн. Кезінде Абылай хан да қасында Төле, Қазыбек, Әйтеке билерден бөлек, батырлар мен ақындарын да жинаған. Солардың жырын тыңдаған», - дейді Қазірет Бердіхан.

Ол жыл соңында «Алтын домбыра» атты қорытынды айтыс өтетінін, Қасым-Жомарт Тоқаевты соған шақыратынын айтты.

«Президентіміз театрға келді, енді айтысты тамашаласын. Айтыс деген – біздің дала театрымыз. Айтыскерлер үшін керек емес. Президент айтыс көрсе, насихаты артар еді. Облыстық айтысқа әкімдердің де келуі жиілейді. Қаржылай жағының шешілуіне сеп болады», - дейді айтыскер ақын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Өмір ағашы мен жұлдызды аспан: Астанада жаңа демалыс орны пайда болды
Кеше, 13:03

Өмір ағашы мен жұлдызды аспан: Астанада жаңа демалыс орны пайда болды

Елордағы көрікті жер Тәуелсіздік даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысында, Есіл өзенінің бойында орналасқан
Шараға Түркменстанға ресми сапармен барған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты
Филм өзге кинофестивальдерде бірнеше марапат алып үлгерген
Шараға суретшінің қызы мен немересі қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →