×

Максим Галкиннің кеші өтуі мүмкін. Астананың мәдениет басқармасы жауап берді

Бұдан алдын Максим Галкин концертін өткізуге жасырын тыйым бар екенін айтқан еді

Максим Галкиннің кеші өтуі мүмкін. Астананың мәдениет басқармасы жауап берді
Eg.ru

Ресейде шетелдік агент болып танылған белгілі пародист Максим Галкин күні кеше Қазақстан билігі жасырын түрде концертін өткізуге тыйым салып отырғанын айтқан. Осыған Астана қалалық мәдениет басқармасы жауап берді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«2023 жылдың 1 наурызында Астана қаласының «Мәдениет басқармасына»  2023жылдың 8 қазанда Роза Бағланова атындағы «Қазақстан» орталық концерт залында Максим Галкиннің кешін өткізу туралы «TopBilet»ЖК директоры Р.Р.Аслановтан  № 271 кіріс хаты келіп түсті. 8 қазанда Мұғалімдер күніне арналған концерт өткізілетіндіктен, кешті ұйымдастырушыларға басқа күнді немесе басқа ғимаратты таңдау ұсынылған. Ұйымдастырушылардан бұдан басқа хаттар түспегені мәлім болды», - делінген жауапта.

Дегенмен Ұстаздар күніне арналған концертті басқа концерттік залда өткізу жоспарланғанын ескере отырып, ұйымдастырушылар қайта жүгінген жағдайда, ұйымдастыру комитеті тиісті заңнамаға сәйкес Максим Галкиннің кешін өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін айтты.


Айта кетейік, мұның алдында Максим Галкин әлеуметтік желіде ойдан құрастырылған себептерге тап болдық деп айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Әкемнің кітабын түпнұсқада оқи алмаймын»: Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді
13.05.2024ж. 10:19

«Әкемнің кітабын түпнұсқада оқи алмаймын»: Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді

Сәбит Мұқановтың қызы әкесінің кітабын түпнұсқада оқи алмайтынын мойындады
Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады
Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →