×

Алматыда BAIQONYR халықаралық кинофестивалі басталды

Шараның басты миссиясы - жас талантты кинематографистерді қолдау

Алматыда  BAIQONYR халықаралық кинофестивалі басталды

6 қыркүйекте Алматыда VIII BAIQONYR халықаралық кинофестивалі басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 5 күнге созылатын шараның басты миссиясы - жас талантты кинематографистерді қолдау.

Фестивальдің ресми ашылу салтанаты "Арман" кинотеатрында өтті. Шараны Baiqonyr-дың президенті Әнуар Кенжебаев бастап, фестиваль командасының бүгінгі іс-шараның өтуі үшін жұмсаған күш-жігерінің маңыздылығын атап өтіп, биылғы кинофестивальдің жаңалықтары туралы айтып берді. Сегізінші фестивальдің басты жаңалығы - Baiqonyr аясында Almaty Animation Festival атты жаңа халықаралық фестивальдің пайда болуы. Оның директоры режиссер-аниматор Анита Черных та қонақтарға сәлемін жолдады. Одан кейін Baiqonyr фестивалінің бағдарламалық директоры және Киносыншылар мен кинотанушылар форумының төрағасы Ержан Жұмабеков сөз сөйлеп, көпшілікке фестивальдің конкурстық бағдарламаларының қазылар алқасының мүшелерін таныстырды.

Кеш қазақстандық кинорежиссер Дархан Төлегеновтың толықметражды дебюті – "Ағайындылар" картинасының көрсетілімімен аяқталды. Бұл фильмді фестивальдің ашылуына таңдау - кездейсоқ емес. Дарханды алғашқы рет көпшілікке танытқан және бірінші беделді сыйлығын берген осы «Байқоңыр» фестивалі. Бұл туралы автордың өзі көрсетілім алдында айтты.

Ал бүгін, 7 қыркүйекте, "Арман" кинотеатрының «Қызыл залында» Baiqonyr Халықаралық қысқаметражды көркем және деректі кино байқауының, «Көк залда» Almaty Animation Festival негізгі байқауының кино көрсетілімдері басталады. Олардың алдында Кинотанушылар мен киносыншылардың II Халықаралық форумы өтеді – бұл фестивальдің маңызды оқиғаларының бірі.

Конкурстан тыс бағдарламаның маңызды оқиғасы 8 қыркүйекте өтетін Корей анимациялық кино күні болмақ. Ол корей-қазақ анимациясының үлкен арнайы жобасы аясында өткізіледі. Корей тарапынан серіктес Пучхондағы Халықаралық анимация фестивалі (BIAF).

Сондай-ақ, биылғы жылы өткен Қазақстан киносыншылары қауымдастығының ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Baiqonyr президенті Әнуар Кенжебаевқа "Фестиваль қозғалысына қосқан үлесі үшін" арнайы сыйлығы берлігенін атап өтеміз.

Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өткізіледі.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері: «Хабар» агенттігі, «Алматы» телеканалы, «Эльдорадио» және «Жулдыз» радиостанциялары, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Время» басылымдары, Orda.kz, Baribar.kz, 365info, Global.news.kz, BAQ.kz, QAZ365.kz, PRO Production интернет-порталдары және JAS ÓNER журналы.

Фестиваль жаңалықтарын baiqonyrfilmfestival Instagram және Facebook парақшаларымыздан қараңыздар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Жала жабу, көре алмаушылық»: Азамат Сатыбалды өзіне қарсы наразылық шеруіне жауап берді
17.07.2024ж. 18:20

«Жала жабу, көре алмаушылық»: Азамат Сатыбалды өзіне қарсы наразылық шеруіне жауап берді

Күні кеше  «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірді
Мемлекеттен бөлінген тиісті қаражат әлі күнге дейін қызметкерлерге берілмеген
Бұл бірегей жоба барлық қазақстандықтардың волонтерлік, қайырымдылық іспен айналысуына ықпал етеді
«Ромео мен Джульетта» қойылымымен қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →