×

Бұл – ойын емес. «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Қазақстан футболшыларына ескерту жасады

Матчқа 30 мыңнан астам жанкүйер жиналды.

Бұл – ойын емес. «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Қазақстан футболшыларына ескерту жасады
eventcartel.com

Қазақстан футбол құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Финляндиядан жеңілді. Матчқа 30 мыңнан астам жанкүйер жиналды. Ойыннан кейін футболшылар көрермендерге алғысын айтуға келді. Сол кезде «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Алдияр Жаппарханов ойыншыларға өз ойын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz


«Жігіттер аз қалды. Осыны түсінесіңдер ме? Тағы да айтамын, іріктеудің бітуіне шамалы қалды. Нұрәлі (қорғаушы Әліп), Аслан (жартылай қорғаушы Дарабаев) бұл ойын емес. Біз сендерді үнемі қолдаймыз. Кез келген жерде, кез келген ауа-райына қарамастан қолдаймыз. Жиналыңдар, аз қалды», - дейді Алдияр Жаппарханов.

Айта кетейік, матч 0:1 есебімен Финляндияның пайдасына шешілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Гүлнар Сілбаева: Ресей қазынасына ақша құятын компаниялармен жұмыс істемеймін
Бүгін, 11:23

Гүлнар Сілбаева: Ресей қазынасына ақша құятын компаниялармен жұмыс істемеймін

Актриса ресейлік жұлдыз Азамат Мұсағалиев туралы да пікірін білдірді
Форум Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтеді
Қазақ мемлекеттік циркінде Якутияның «Мамонт елі» атты этношоуының таныстырылымы өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →