×

Жас әнші Садраддиннің Алматыдағы концертіне досы 70 миллион теңге берді

Концерт симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтті

Жас әнші Садраддиннің Алматыдағы концертіне досы 70 миллион теңге берді
Садраддин. Фото: instagram.com/sadraddinn

Кеше Алматыдағы «Алматы Арена» спорт кешенінде жас әнші Садраддин Болат жеке концертін өткізді. 12 мың адам сиятын аренадағы концерттің өтуіне әншінің досы, блогер Дархан Жолшыбеков қаржылау қолдау көрсеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Концерт симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтті. Ресей, Қырғызстаннан шақырылған қонақ әншілер қатысты.
Ал кештің өтуіне қаржылай қолдауды досы, блогер Дархан Жолшыбеков көмектескен. Ол әншіге 70 миллион теңге берген.
 

«Дархан жомарт жігіт екен, достарынан ештеңе аямайды», «Дархан деген атка лайықты екен», «Дархан досына мың да бір рахмет», - деген пікірлер бар.

 

Айта кетейік, Садраддин «Я люблю тебя, Алия» атты әнімен көпшілікке танылған. Оның жасы небәрі – 20-да. Шымкент қаласының тумасы.  Жас әнші көбінесе анасымен сырласатынын, әндерін де сол кісімен ақылдаса отырып жазатынын айтқан еді. Ал әкесінің тағдырын қайталағысы келмейді.  Әкесі жайлы тақырыптан әнші көбінесе қашқақтайтынын жеткізді. Ол болашақта арнайы ән жазып, әкесі жайлы барлығын айтып беруге ниетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Гүлнар Сілбаева: Ресей қазынасына ақша құятын компаниялармен жұмыс істемеймін
Бүгін, 11:23

Гүлнар Сілбаева: Ресей қазынасына ақша құятын компаниялармен жұмыс істемеймін

Актриса ресейлік жұлдыз Азамат Мұсағалиев туралы да пікірін білдірді
Форум Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтеді
Қазақ мемлекеттік циркінде Якутияның «Мамонт елі» атты этношоуының таныстырылымы өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →