×

Тасмағамбетовтың күйеу баласы «Оян, қазақты» түсірген режиссердің жаңа киносына қолдау көрсететінін мәлім етті

Іс мұнымен бітпейді

Тасмағамбетовтың күйеу баласы «Оян, қазақты» түсірген режиссердің жаңа киносына қолдау көрсететінін мәлім етті
ашық дереккөзден

Белгілі кәсіпкер, меценат, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев отандық режиссер Мұрат Есжан жазушы Бердібек Соқпақпаевтың «Жекпе-жек» туындысы бойынша боксшылар туралы фильм түсіретінін және оған қолдау көрсетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Достар, қазір Қазақстанның барлық кинотеатрларында «Міржақып. Оян, қазақ!» деген отандық кинематограф тарихындағы ең танымал фильмдердің бірі көрсетіліп жатыр. Картинаның режиссері – Мұрат Есжан. Бұл кісіні халқымыздың сана-сезімінде нағыз патриотизмді оятқан маэстро десем қателеспеймін. Біздің кездесуіміз жемісті өтті. Мен Мұратты Шоқан Уәлиханов атындағы мектепке оқушыларға дәріс оқу үшін арнайы шақырдым. Сонымен қатар, мектеп қабырғасында «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалының жабық көрсетілімі өтетінін айтқым келеді», – дейді Кеңес Рақышев.

Ол режиссермен фильм туралы әңгімелескенін, өскелең ұрпақ үшін үлкен мұра болып қалатын туынды екенін жеткізді.

 «Бірақ іс мұнымен бітпейді. Мұрат нағыз режиссер ретінде өзінің жаңа жобасын ұсынды. Атақты жазушы Бердібек Соқпақпаевтың «Жекпе-жек» туындысы бойынша, ол спорттық негіздегі фильм түсірмек. Бұл идея мені бірден қызықтырды. Өйткені мұндай жоба Қазақстан бокс федерациясына оң септігін тигізеді және біздің жанкүйерлер мен көрермендердің жүрегін жаулап алады деген нық сенімдемін. Сондықтан өз ісінің нағыз шеберіне қолдау көрсетемін. Мұрат Есжанға сәттілік тілеймін. Оның шығармашылығында біздің жастарды дұрыс бағытта тәрбиелей алатын фильмдер көп болсын!» – дейді Қазақстан бокс федерациясының президенті. 

Айта кетейік, Кеңес Рақышев – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың күйеу баласы. Қазақстан бокс федерациясының президенті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Әкемнің кітабын түпнұсқада оқи алмаймын»: Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді
13.05.2024ж. 10:19

«Әкемнің кітабын түпнұсқада оқи алмаймын»: Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді

Сәбит Мұқановтың қызы әкесінің кітабын түпнұсқада оқи алмайтынын мойындады
Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады
Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →