×

«Ирина Кайратовна» тобының экс-режиссері: Дәурен Абаев Назарбаев туралы кино түсіруді ұсынды

Режиссер «5 k» бейнебаянынан кейін шенеуніктер арасында танымалдыққа ие болған

«Ирина Кайратовна» тобының экс-режиссері: Дәурен Абаев Назарбаев туралы кино түсіруді ұсынды
Коллаж Qaz365.kz

Соңғы жылдары танымалдыққа ие болған «Ирина Кайратовна» тобының бұрынғы режиссері Қуаныш Бейсек Дәурен Абаевтың Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кино түсіруге ұсыныс жасағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біраз шенеуніктер 5 k клипінен кейін менімен дос болғысы келді. Олардың арасында Дәурен Абаев бар. Мен бірден еркін адам екенімді айтты. Әрине, билікті басып алу, революция, анархия дегендерді қолдамаймын. Бірақ халықтың мүддесі болу керектігін жеткіздім. Керек жерде өз ойымды айтатынымды, олардың қалауымен жүрмейтінімді білдірдім», – дейді Қуаныш Бейсек «Замандас» подкастында.

Ол Дәурен Абаевтың тікелей миллиондаған доллар ұсынбағанын, бірақ араға адамдар салып әртүрлі ұсыныстар жасағанын жасырмады.

«Билікте жүрген соң, ақылды. Тікелей өзіме ешқандай «откат» ұсынбады. Бірақ біреулерді жіберіп, ананы түсірейік, мынаны түсірейік дегендері болды. Тіпті, Назарбаев жайлы кино түсіруді ұсынды. Мен ешқашан ондай қадамға бармайтынымды жеткіздім», – дейді режиссер.

Айта кетейік, Дәурен Абаев ол тұста (2020-2022 жылдары) ҚР Президент әкімшілігінің бірінші орынбасары болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбеде Димаш Құдайберген атындағы арена пайда болады
Кеше, 15:16

Ақтөбеде Димаш Құдайберген атындағы арена пайда болады

Қалада жаңа бірнеше нысан пайда болады
Қала әкімі дарынды әншіні ел Президентінің атынан 85 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ол түйткілді тұстардың уақытылы түзетілмеген болып шыққанын жеткізді
Күні кеше  «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →