×

«Қазан айындағы жағдайдан кейін дертім асқынып кетті»: Әли Оқапов қатты ауырып қалғанын айтты

Әншінің денсаулығы қазандағы хейттен кейін сыр берген

«Қазан айындағы жағдайдан кейін дертім асқынып кетті»: Әли Оқапов қатты ауырып қалғанын айтты
Фото: instagram.com/aliokapov

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов ауырып қалғанын айтты. Өнер иесі қазандағы хейттен бері оңала алмай жүр екен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әлі иммунитетім әлсіреп тұр. Сондықтан сырқаттанып қалдым. Алайда дәл қазір ауыратын уақыт емес еді. Жақындарыңызды қорғап, денсаулықтарыңызды күтіңіздер! Ауырып қалсаң, өте қымбатқа емделесің. Үш дәріханаға барып, дәрігер тағайындаған дәрілерді таптым. Негізі менің жүйкем сыр беруден бастады. Қазан айында болған оқиғадан кейін тәуір бола алмай жүрмін. Сол кезде өзімді тастап жібергенде отбасым мені Таиландқа алып барды. Ол жақта өзіммен жұмыс істеп, кішкене өз-өзіме келгендей болдым. Бірақ бірінші күні ұшқанда өзімді жаман сезіндім. Жағдайым күрт нашарлап кетті», – дейді Әли Оқапов.

Ол шетелден демалып, елге келгенде бірден жұмысқа кірісіп кеткен. Концерттерге қатысып, түсірілім, жобалардың бәрінде өнер көрсеткен.

«Бірақ желтоқсан айының ортасына дейін ғана денсаулығым шыдады. Жұмыс пен емхананың ортасында жүрдім. Ештеңе өз жоспарлағаныңдай болмайды екен. Денсаулыққа салғырт қарамау керек. Адамдар денсаулығына шағымданып жататыны ұнамайды. Мен де шағымданып отырғаным жоқ. Шүкір, жұмысым бар. Жаратушыға мың алғыс сол үшін. Әрбір концертімде адамдардың қолдауына куә болып жүрмін. Бірақ әр дәріханада 30 мың қалдырып кететініме ішім күйеді. Ауырмаңыздар», – дейді әнші.

Айта кетейік, Республика күніне орай әнші Әли Оқаповқа «Құрмет» ордені табысталған еді. Көпшілік оның бұл орденге лайықты емес екенін айтып, хейт көбейді. Мұндай сынға шыдамаған Әли Оқапов мемлекетік награданы қайтарып беруге дайын екенін жеткізген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ
23.04.2024ж. 14:11

Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ

Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ
Ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен сұхбат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →