×

«Қазақфильм» автосалонға айналды ма? Азамат Сатыбалды жауап берді

Қазіргі кезде киностудияның алдында осы компанияның көліктері көбейіп кеткен

«Қазақфильм» автосалонға айналды ма? Азамат Сатыбалды жауап берді
Brod.kz

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Азамат Сатыбалдының автокөлік жарнамалаудан қолы тимей жүргенін жазған едік. Ол КТК тілшісіне қысқа-нұсқа жауап беріпті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Актер Қуандық Дүйсебаев әріптесінің ASPAN MOTORS компаниясының амбассадоры ретінде компанияның көліктерін жарнамалаумен айналысып жүргенін сынға алған еді. Қазіргі кезде киностудияның алдында осы компанияның көліктері көбейіп кеткен. Сатыбалды бос тұрған ғимаратты жалға бергенін растады. Алайда «ол көліктер сатылмайды, таксопаркке тиесілі» деп әңгімені қысқа қайырды. Мұндай қадамға баруына қарамағындағы 178 адамның жалақысын төлеуі түрткі болған.  Расында, киностудияның бюджеті тапшы екенін мойындады.


 «Қазақфильмнің» президенті ретінде менің басты міндетім — 178 адамның айлығын тауып беру. Жалға берем бе, өзімді сатам ба, жоқ әлде басқа да жұмыс істеймін бе, жалпы менің міндетім. Сондықтан да  мен барынша осындай жұмыстар арқылы, кинодан да басқа жұмыстар арқылы 178 адамның айлығын тауып беруім керек. Бұл кәдімгі таксопарк. Ешқандай да, бұл жерде машина сатылмайды. Бұл автосалон емес», – дейді Азамат Сатыбалды.


«Амалсыз жалға бердік» дегенді желеу еткен ол келісімшартқа отырған компаниядан «Қазақфильм» бюджетіне қанша ақша түсетінін жауапсыз қалдырды. «Заңға қайшы ешнәрсе жоқ» деп, әңгімені жылы жапты. Осылайша қаржыдан қысылған Шәкен Айманов атындағы көнекөз киностудия бұл күні жалға берумен жанын бағуға мәжбүр.

Айта кетейік, Азамат Сатыбалды бұл қызметке 2023 жылдың шілде айында тағайындалған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады
Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →