×

«Қояйықшы, а!»: Сәкен Майғазиев шыдамы таусылғанын жеткізді

Әнші оқырмандарын ойландырып тастады

«Қояйықшы, а!»: Сәкен Майғазиев шыдамы таусылғанын жеткізді
Фото: ашық дереккөзден

Белгілі эстрада жұлдызы, «Музарт» тобының солисі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде жазба жариялап, тыңдармандарын ойландырып тастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«(Адамдардың бірін-бірі жамандағаны (әлеуметтік желілер арқылы) қандай жиіркенішті?! Қояйықшы, а! Осындайда марқұм Серік Қалиев ағамыздың «Кейде әділ қазылар біреуге баға беріп отырып, өзіне баға беріп отырғанын байқамайды» дегені еріксіз есіңе түседі», – дейді Сәкен Майғазиев.

Пікір жазған оқырмандар да түсінбей дал. Арасында ғайбат айтқандарды тыятын кез келді деп қолдап жатқандар да кездесті.

«Сәкен аға, өте орынды айттыңыз. Ғайбат айту, жамандау өзің үшін ең ауыр екенін әр адам ұқса екен», «Меніңше, біздегі көп жобада қазылар алқасындағылар әсіре мақтап, жалпақшешейлік танытып, керісінше конкурсантқа әділ бағасын бермей жатады», «Адам тарапынан сөз болмаса да, Алла тарапынан жауабы болады», «Ит үреді, көш жүреді, үрген итке мән бермеңіз», «Сүрінген мен бүлінгенді сөз етпе, сен де тұрсың, мен де тұрмын кезекте», «Өзіміз түзелу керекпіз», «Сәкен, айналайын, өте орынды айттың» деген пікірлер бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Астана мен Алматы нешінші орындарда?!
Апорт пен қызғалдақтан айрылып қаламыз - депутат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →