×

Аида Балаева «Қазақфильм» киностудиясы төңірегіндегі дауға жауап берді

Министр аталған мәселелер жайында хабардар екенін айтты

Аида Балаева «Қазақфильм» киностудиясы төңірегіндегі дауға жауап берді
Фото: ашық дереккөздерден

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» АҚ киностудиясының төңірегіндегі жағдайға қатысты жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство басшысы «Қазақфильм» айналасында болып жатқан мәселелер жайында хабардар екенін атап өтті.

«Шынында да, қазір біз айналысып жатқан жүйелі  мәселелер бар. Осыған байланысты ұйымдастыру және заңнамалық шаралар қабылданатын болады. Аты аңызға айналған «Қазақфильмнің» бұрынғы даңқы көп ұзамай оралатынына сенімдімін. Алдағы уақытта сапалы фильмдер түсіріп, көрерменді қуанта береді деп ойлаймыз», – деді министр.

Еске салайық, кеше КТК арнасының журналисі Асқарбек Қазанғап әлеуметтік желідегі парақшасында «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Азамат Сатыбалдының киностудия аумағына қытай көліктерін тізіп, жарнамалап жүргенін көрсеткен еді.

Кейіннен Азамат Сатыбалды КТК тілшісіне қысқа-нұсқа жауап берді. Ол бос тұрған ғимаратты жалға бергенін растады. Алайда «ол көліктер сатылмайды, таксопаркке тиесілі» деп әңгімені қысқа қайырды. Мұндай қадамға баруына қарамағындағы 178 адамның жалақысын төлеуі түрткі болған. Расында, киностудияның бюджеті тапшы екенін мойындады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Елордағы көрікті жер Тәуелсіздік даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысында, Есіл өзенінің бойында орналасқан
Шараға Түркменстанға ресми сапармен барған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты
Филм өзге кинофестивальдерде бірнеше марапат алып үлгерген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →