×

Омар Жәлел: Сенің өліп қалғаның жақсы болды, Ғалымбек

Омар Жәлел марқұм болған жазушының кітабын бас алмай оқып жатқанын айтты

Омар Жәлел: Сенің өліп қалғаның жақсы болды, Ғалымбек
Qaz365.kz коллажы

Абайтанушы Омар Жәлел бірнеше күн бұрын қайтыс болған жазушы Ғалымбек Елубай жайлы пост жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сенің өліп қалғаның жақсы болды, Ғалымбек. Таза кеттің. Әйтпесе әлдебіреулер құсап атақ сұрап, ақша сұрап қадірің кетер еді. Өзің айтпақшы, тәлейіңе бір-ақ кітап жазылған екен. Не істейсің, енді, амал бар ма? Жазушы не ерте, не кеш өлмейді, өзінің көтерер жүгін, арқалаған міндетін түгескенде ұша барады деген сөз бар ғой. Сенің де бұл пәнидегі сапарың аяқталған екен», – деп жазды Омар Жәлел әлеуметтік желідегі парақшасында.

Абайтанушы жазушының кітабын бас алмай оқып жатқанына екі күн болғанын жазады.

«Басында менсінбей: не өзі, очерк жазған ба деп қоңылтақсығаным рас. Кейін бұл пікірімнің жаңсақ екеніне көзім жетті. Қарапайым боп көрінген оймақтай әңгімелердің астарында зілдей мағына жатыр екен ғой. Сен бір әңгімеңде жазушы болып туу керек депсің. Сен өзің жазушы боп туған екенсің, Ғалымбек. Мен Алтайды аңсап, бір көрсем бе деп жүр едім. Сөйтсем, Алтай Қазақстанға баяғыда келіп алған екен ғой. Сені көруім үшін сені жоғалтуым керек екен. Өзің айта беретін Оралхан Алтайдың бергі жағында, сен арғы жағында ғұмыр кешіпсіңдер. Сендерге Алтайдың өкпесі жоқ шығар. Енді арғы беттегі Алтайдан жазушы туа ма, тумай ма – дәркүмән. Рақмет саған, Ғалымбек! Жоғалып бара жатқан Алтайдың әңгімесін бізге жеткізіп кеттің. Алтайдағы соңғы қазақ мектебінің түлегі», – дейді Омар Жәлел.

Еске салайық, талантты жазушы 40 жасқа қараған шағында өмірден озған. «Қазақтың Чеховы» атанған қабырғалы қаламгер Ғалымбек Елубай қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні өмірден өтті.

Жақында ғана «Жүз жетінші көктем» кітабы жарық көрген жазушының Алаш мұрасын жинақтауда сіңірген еңбегі зор. Ол 2010-2016 жылдары Шымкент қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде қызмет ете жүріп, Алаш қайраткерлерінің құнды еңбегі жарияланған «Ақ жол» газетін транскрипция жасап, 25 томдық кітаптың шығуына себепкер болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады
Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →