×

«Әкесі сияқты нервный ғой»: Төреғали Төрәлінің ұлы күлкіге қарық қылды

Оның жасы 5-те

«Әкесі сияқты нервный ғой»: Төреғали Төрәлінің ұлы күлкіге қарық қылды
Instagram / ToregaliToreali

Эстрада әншісі Төреғали Төрәлінің үш қыздан кейін дүниеге келген ұлы Төренұр әкесінің атын айта алмай, желі қолданушыларын күлдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Әншінің баласы 2019 жылы дүниеге келген. Төреғалидың жалпы төрт баласы бар. Әйелі Толқынның тағы да жүкті екені айтылуда. Төренұрды атасы Төрәлі еркелетіп, әкесінің атын сұраған видеосы тарады. 

«Бала түгілі өздері шатасады ғой. Төренұр Төреғалиұлы Төреәлі», «Әкесі сияқты нервный ғой», «Семьядан кетейін бе, ағайын?» деп тұр ғой мына жігіт», «Баласы Төреғалидан аумайды», «Бала тілі – бал», «Шатасып қалған шығар» деген пікірлер бар.

Еске салайық, былтыр әншіні Алматыда полицейлер есірткіге мас деп ұстаған еді. Ол бірнеше күн уақытша ұстау изоляторында отырып шықты. Сосын 22 қыркүйекте Төреғали Төреәлі 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған болатын. Танымал әртіске Қылмыстық кодекстің 378-бабы бойынша «Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлады»деген айып тағылды. Ал Төреғалиды ұстамақ болған 6 полиция қызметкері жәбірленуші деп танылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Анасы Димаштың концерт алдындағы ел білмейтін ерекше қасиетін айтты
Кеше, 10:48

Анасы Димаштың концерт алдындағы ел білмейтін ерекше қасиетін айтты

Жақында әнші Euronews басылымына эксклюзивті сұхбат берді
Euronews басылымына берген эксклюзивті сұхбатында Димаш Құдайберген классикалық музыка, қазақ халқының мотивтері мен заманауи әуендері араласатын өзінің бірегей шығармашылығы жайлы айтқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →