×

«Кішкентай сәбиге қарағанда әбден жыладым». 10 жылдан бері балалы бола алмай жүрген «Елдос Колобокқа» оқырмандары тілектерін жаудырды

Блогердің жаңа клипін көрген оқырмандары оған жылы лебіздер жазуда

«Кішкентай сәбиге қарағанда әбден жыладым». 10 жылдан бері балалы бола алмай жүрген «Елдос Колобокқа» оқырмандары тілектерін жаудырды
Фото: instagram.com / eldos_kalabok

«Елдос Колобок» есімімен танылған блогер Елдос Қадірханов туған күнін дүркіретіп атап өтті. Блогер мерейтойында шоу-бизнес жұлдыздарының басын қосты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Блогер өзінің 32 жасы мен жұбайының 30 жасына араласатын жұлдызды достарын шақырған. Бас-аяғы тойға 350 қонақ жиналған. 

Видеодан Елдос пен жұбайының мейрамхана ортасына шар толы велосипед мініп, ерекше стильмен шыққанын көруге болады. 

«Серік Ибрагимов бауырым үйленген кезіміздегі әнді айтып, жастық шақты еске түсірді. Аналарымыз келіп, бір марқайып қалдық. Сүйікті әншіміз Мирас Жүгінісов арнайы келіп ән шырқады. Тосынсыйымыз да көп болды. Достарымызға түрлі номинациялар бердік. Келесі туған күнімізді үшеу болып тойлау бұйырсын», – дейді блогер.

Былтыр Елдос шаңырақ көтергеніне 10 жыл болса да, балалы бола алмай жүргенін айтқан. Ол дәрігерлер бедеуліктің белгілері бар деп диагноз қойды деп, жанкүйерлерін қорқытып қойған. Дегенмен, туған күнінде көрсеткен клипінде ол қуанышты жаңалықты көрсеткендей болған.

«Көпбалалы ата-ана болыңдар», «Танчо 30 жасында бірден 3 балапанның анасы атансын», «Көзіңіз нұрға толып, баланың суретіне қараған кезіңізде жылап алдық», «Келесі клипті балапандарыңызбен бірге көрейік», «Кішкентай сәбиге қарағанда әбден жыладым», «Денем тітіркеніп кетті», «Сүйінші сұрап шығатын күнге жетейікші», «Бақытты болыңыздар!» деген пікірлер бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбеде Димаш Құдайберген атындағы арена пайда болады
Кеше, 15:16

Ақтөбеде Димаш Құдайберген атындағы арена пайда болады

Қалада жаңа бірнеше нысан пайда болады
Қала әкімі дарынды әншіні ел Президентінің атынан 85 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ол түйткілді тұстардың уақытылы түзетілмеген болып шыққанын жеткізді
Күні кеше  «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →