×

«Тапсырма берілді»: 50 Сent-тің «алғысы» мен Akon концертіндегі шу Дүйсенова өткізген кеңесте қаралды

Концерт ұйымдастырушыларына қойылатын талап күшейеді

«Тапсырма берілді»: 50 Сent-тің «алғысы» мен Akon концертіндегі шу Дүйсенова өткізген кеңесте қаралды
Qaz365.kz коллажы

Шетел жұлдыздары бұдан былай Қазақстанда концерт өткізгісі келсе, бірқатар талапты сақтауға міндеттелмек, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін «жаман үйді қонағы билейді» деп мәселе көтерген депутат Аманжол Әлтаев Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдаған еді. Ол  Астанада өткен Эйконның концерті жанкүйер жастар әншіге іш киімін лақтырып, төмен моральдық мінез-құлық көрсетіп, еліміздің беделіне нұқсан келтіргенін айтқан. Екіншіден, «50 cent» Алматыда біздің елге қарата әлеуметтік желіде айтқан «алғысы» – келеке болды деген. Осы себепті Мәдениет және ақпарат министрлігі шетелден елімізге кіретін мәдени өнімдерге, гастрольдік сапармен келушілерге қойылатын нақты талаптар жиынтығын әзірлеуі тиіс деп мәлімдеген. Шетел жұлдыздарына Қазақстанның ұстанымын қатаң сақтауды талап етерлік ереже әзірлеу керектігін айтқан.

Депутаттың бұл сауалына Тамара Дүйсенова жауап берді. Ол қолданыстағы заңнама аясында («Мәдениет» туралы заңның 9-1 бабы) осындай іс-шараларға қатысушылар Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған, сондай-ақ жалпыға бірдей қабылданған мораль мен имандылық нормаларына қайшы келетін контентті пайдаланбауға міндеттелетінін жазады. 

Сонымен қатар әртістермен жасалған шарттар негізінде ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізгенге дейін және оларды өткізу уақытында көрермендермен қарым-қатынас кезінде олардың тиісті мінез-құлқын, оның ішінде нормативтік емес лексикадан, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды тұтынудан көрінуі мүмкін олардың аморалдық, әдепсіз мінез-құлыққа жол бермеуін қамтамасыз етуге міндетті екенін атап өткен.

Осы талаптарды орындамаған ұйымдастырушылар әкімшілік кодекске сәйкес жеке тұлғалар ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзғандығы үшін жауапкершілікке тартылады. 

«Шетелдік әртістердің қатысуымен концерттер өткізу туралы мәселе 2023 жылғы 20 желтоқсанда менің төрағалығыммен Мәдениет және ақпарат, Сыртқы істер, Ішкі істер, Цифрландыру министрліктерінің қатысуымен өткен кеңесте қаралды. Кеңестің қорытындысы бойынша аталған концерттерді бекіту тәртібін жетілдіру бойынша мемлекеттік органдарға тапсырма берілді», – дейді Тамара Дүйсенова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ
23.04.2024ж. 14:11

Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ

Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ
Ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен сұхбат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →