×

Прокатта қаражат жинау жағынан рекорд орнатқан отандық фильм белгілі болды

Қазақстанда отандық фильмдер қалайша қомақты қаражат таба бастады

Прокатта қаражат жинау жағынан рекорд орнатқан отандық фильм белгілі болды
Ашық дерекеөздерден

Kinopark кинотеатрлар желісінің негізін қалаушы Алмаз Малдыбаев Динара Сәтжанға берген сұхбатында прокатта ең көп қаражат жинаған отандық фильмдерді атады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның сөзінше, «Таптым-ау сені» фильмі екі айда 1,827 млрд теңге жинаған. «Дәстүр» фильмі бір айда 1,728 млрд теңге қаражат жинаған. Онымен сұхбат құрған журналист Динара Сәтжан бұдан бұрын әр жаңа жыл алдында Нұрлан Қоянбаевтың фильмі тұрақты түрде 1 млрд теңгеден кем ақша жинамағанын еске алады. Ал былтыр прокатта болған шетелдік фильм – «Аватарға» бәрібір ешбірі жетпей тұр екен. «Аватардың» прокатында былтыр 3,5 млрд теңгеден астам қаражат жиналған.


«Қазақстанда отандық фильмдер қалайша қомақты қаражат таба бастады?» деген сұраққа Алмаз Малдыбаев былай дейді: 
 

«Бұл – заңдылық. Бірнеше жыл бұрын біздің нарықтың әлеуеті туралы көп айтылатын. Мен сол кезде он жылдан кейін контенттің кемі 50 пайызы қазақ тілінде болатынын айтқан едім. Оңтүстік Корея, Жапония, Қытайда да біздікіндей контенттің жартысы отандық кинолар. Тіпті оларда жартысынан көп».

Еске сала кетейік, бұған дейін режиссер Қуаныш Бейсековтың «Дәстүр» фильмі бір аптада 1 млрд теңгеден астам қаражат жинағаны хабарланған еді. Сонымен бірге, 1 млрд теңгеден астам қаражат тапқан отандық туындылардың қатарында «Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмі де бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Астана мен Алматы нешінші орындарда?!
Апорт пен қызғалдақтан айрылып қаламыз - депутат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →