×

Нұрлан Қоянбаевтың түсіріп жүргені далбаса – Нұржұман Ықтымбаев

Қазір кинолардың сапасы ортадан төмен

Нұрлан Қоянбаевтың түсіріп жүргені далбаса – Нұржұман Ықтымбаев
Видеодан кадр

Қазақстанның халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, актер Нұржұман Ықтымбаев әзілкеш, соңғы жылдары комедиялық жанрдағы кино түсіріп жүрген Нұрлан Қоянбаевты сынға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде актердің сұхбат беріп тұрған видеосы тарады. Ол тілшіге Нұрлан Қоянбаевтың фильмі туралы айтады.

«Нұрлан Қоянбаев дегеннің түсіріп жүргенінің бәрі «ерунда». Оның фильмдері комедия емес, далбаса. Комедия деген жылатып отырып, күлдіру керек. Комедия деген – өте терең, ауыр дүние. Сахнаның өзін комедия жасаймыз деп, айғайға толтырып жібердік. Бұралқы сөздер көп. Комедияда астарлы әзілдер болуы тиіс. Қазір кинолардың сапасы ортадан төмен. Өзім соңғы жылдардағы кинолардың ешқайсысына барған жоқпын. Жақсы актерлер бар, олардың бәрін қор қылып жібердік. Алла Тағала берген қасиеттерін бұзбай, салмақты рөлдер беру керек. Сол кезде жақсы рөлдер жасайды. Мықты актерлерге жеңіл-желпі рөл береді. Содан кейін қадірі кетеді», – дейді Нұржұман Ықтымбаев.

Айта кетейік, танымал кинопродюсер, актер Нұрлан Қоянбаев «Қазақша бизнес» деген фильмді жеті елде түсіріп үлгерді. Соңғысы «Қазақша бизнес Бразилияда» деп аталады.

Еске салсақ, «Қазақша бизнес» комедиясының алғашқы бөлімі 2016 жылы жарық көрген еді. Қоянбаев – миллиард касса жинаған отандық тұңғыш кинопродюсер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады
Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →