×

Қазақ әндерін орындап жүрген корей әншісі Қазақстанда өнер көрсетуді жоспарлап отыр

Қазір концерт ұйымдастыру мәселесі шешіліп жатыр

Қазақ әндерін орындап жүрген корей әншісі Қазақстанда өнер көрсетуді жоспарлап отыр
видеодан скриншот

Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Сонг Вон Соб қазақстандық жазылушылардың назарын өткен айда  аударған болатын. Ол Батырхан Шүкеновтің «Дождь» және Мирас Жүгінісовтің «Зымыран» атты әйгілі музыкалық шығармаларын корей тілінде шырқады. Ол соңғы рет Қазыбек Құрайыштың «Таптым-ау сені» әніне ремейк жасады. 

«Менің жақында шығарған каверлерім көп адамға ұнады, сондай-ақ ұлы әртістермен таныстым.
Сіздің ыстық махаббатыңыздың арқасында мен Кореяда керемет адамдарды кездестірдім... Махаббаттарыңыз үшін тағы да рахмет!»
, - деп атап өтті әнші.

Ол жақын арада Қазақстанға ұшуды жоспарлап отыр. Қазір концерт ұйымдастыру мәселесі шешіліп жатыр. Толығырақ ол әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісетін болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →