×

Халық әртісі Торғын Тасыбекова дүниеден озды

Торғын Тасыбекова өмірден өтті

Халық әртісі Торғын Тасыбекова дүниеден озды
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанның халық әртісі Торғын Тасыбекова өмірден өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның қазасына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақ ССР-нің халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның халық әртісі Торғын Тасыбекова Алматы облысында дүниеге келген.

1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік шеберлік факультетін бітірген. Сол жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

«Қайраткер тұлға асыл өнерді қастерлеудің озық үлгісін көрсетіп, өмірінің соңына дейін өзінің сүйікті театрына аянбай қызмет етті. Актрисаның әсем дауысы, сұлу бейнесі мен шынайы сомдаған кейіпкерлері мәңгі халық жадында қалары сөзсіз. Ардақты жанның ғибратты ғұмыр жолы ешқашан ұмытылмайды. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын», – делінген министрлік хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Димаш Құдайберген сынған қолына қарамастан хорватиялық виолончелистпен фит жазды
21.10.2024ж. 00:30

Димаш Құдайберген сынған қолына қарамастан хорватиялық виолончелистпен фит жазды

Дереккөздердің мәліметінше, Халық әртісі ваннаға құлап, қолын жарақаттап алған
Кинодан кеуделерін мақтаныш сезімі кернеп шығыпты. 
Мәскеуде «Абай» операсы алғаш рет 1958 жылы Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігі аясында көрсетілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →