×

Сәкен Сейфуллиннің «Сарыарқа», «Әупілдек» күйлері табылды

Сәкен күй жазған. Домбыра, қобыз тұрмақ пианинода ойнаған

Сәкен Сейфуллиннің «Сарыарқа», «Әупілдек» күйлері табылды
adebiportal.kz

Сәкен Сейфуллиннің «Сарыарқа», «Әупілдек» күйлері табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Күй Абақтыда отырған ақынның елге деген сағынышынан туған. Мұны музей директоры Марат Әбсемет айтты. Күйді орындаған әйгілі қобызшы Дәулет Мықтыбайұлы. Ол күйді 1964 жылы Қазақ радиосының алтын қорына тапсырған.

 “Бұл кісінің қылқобызбен тартқан екі күйі табылды. Мәселен, «Сарыарқа», «Әупілдек» деген екі күйі алтын қорда тұр. Алматыда. Соны мен түсіріп келдім. 24 тамыз күні 1964 жылы атақты қобызшы Дәулет Мықтыбайұлы қазақ радиосына барып орындап берген. Архивке жазып кеткен екі күй деп. Ол құжат тұр.  Сәкеннен қалған екінші күй – «Әупілдек». Бұл күй Сәкен серінің сергелдеңге түскен уақытында жазылған”, – дейді тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсемет.

Алайда осы күйлердің бүгінгі күнге дейін жарияланбауының себебін тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсемет Кеңес үкіметінің саясатымен байланыстырды. Бұл күйдің Сәкендікі екенін, ақынның інісі Мәжиттің қызы София Сейфуллина да растайды.

“Сәкеннің әкесі де күй жазған. Сәкеннің өзі де күй жазған. Ол қобыз тұрмақ пианинода ойнаған. Ол неше түрлі өнерге құмар болатын адам. Оған күмән келтіруге болмайды. Сәкеннің әлі де көп дүниесі ашылмаған”, – деді София Сейфуллина.

Соңына өшпес мұра қалдырған Алаштың айбоз ұлы Сәкен Сейфуллин 1937 жылы халық жауы ретінде тұтқындалып, абақтыға қамалды.  1938 жылы Алматы маңында атылды деген дерек бар. Бірақ одан кейін Магаданда көрдік, сонда  жерленді дегендер де болған. Өкініштісі артынан сол Магаданға талай жоқшы іздеп барғанмен, мұз тоң болып өсіп кеткендіктен есіл ердің сүйегін таба алмады. Оның ізінен ерген Аяны да Сәкеннің артынан іздеп барған әйелі Гүлбаһрамның қолында, суық тиіп Көкше жерінде қайтыс болған. Сөйтіп артында ұрпақ қалмады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Келін төркінінде орамал тағуға бола ма»: Жанар Айжанованың қызы көпшіліктің талқысына қалды
Кеше, 14:40

«Келін төркінінде орамал тағуға бола ма»: Жанар Айжанованың қызы көпшіліктің талқысына қалды

Жанар Айжанова мен қызының рөлі көпшіліктің талқысына түсті.
Мәскеуде «Абай» операсы алғаш рет 1958 жылы Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігі аясында көрсетілген
Елордағы көрікті жер Тәуелсіздік даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысында, Есіл өзенінің бойында орналасқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →