×

Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды

Орталық «Түркі дүниесі жастары» атты форум аясында іске қосылып отыр

Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
Сурет: Marabeey

Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің Журналистика факультетінде «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Медиа орталық 20-23 қараша аралығында өтіп жатқан «Түркі дүниесі жастары» атты форум аясында іске қосылып отыр.

"Фараби университетінің журналистика факультетінде ашылған «TURKSOY» медиа білім беру және зерттеу орталығында БАҚ саласындағы қилы түйткілді мәселелер зерттеліп, түрлі сараптама жасалады. Түркі әлемінің медиа өкілдерін жұмылдыратын орталықта ғылыми-практикалық дөңгелек үстел, конференция, баспасөз мәслихаты, ғылыми-әдістемелік мәжіліс сияқты түрлі іс-шара ұйымдастырылады. Университетіміз және журналистика факультетіне биыл 90 жыл толып отыр. Медиа орталықтың ашылуы осы мерейтойлы датамен де орайласып отырғанына біз де қуаныштымыз, – дейді журналистика факультеті деканы, филология ғылымдарының кандидаты, "Болашақ" бағдарламасының түлегі Қанат Әуесбай.

Іс-шара Алматыда алғаш рет ұйымдастырылды. Оған АҚШ, Румыния, Қырғызстан, Моңғолия, Болгария, Түркия, Әзербайжан секілді әлемнің 25 елінен 200-ге жуық өкіл қатысты.

"Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған форум аясында бұл зерттеу орталығы  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жастар саясатын дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес ашылып отыр. Бұл жоба түркітілдес халықтар арасындағы бауырластық, достық қарым-қатынасты арттыру, мәдени, ғылыми ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған", – деді ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі Орынтай Ошанова.

«Түріксой» медиа орталығының ашылуына Түркия Республикасының Мәдениет және Туризм вице-министрі Сердар Шам, Түркияның Жастар және спорт министрі Осман Ашкын Бак, Әл-Фараби атындағыҚазҰУ Басқарма төрағасының орынбасары - бірінші проректор Еркін Дүйсенов , ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки қатысып, лентасын қиды.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Асхат Аймағамбетов TikTok-тан түспейтін мұғалімдерге үндеу жасады
Кеше, 13:28

Асхат Аймағамбетов TikTok-тан түспейтін мұғалімдерге үндеу жасады

Рилстің аты рилс, жұмысты көрсету керек, балалармен жақын қарым-қатынас болуы керек.
Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде қызметтік жалғандық фактілері анықталды.
 Бұл сома ата-аналардан дайындық сыныптарына оқыту және жазғы лагерьге қатысу үшін қолма-қол алынған 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →