×

Орамал таққан балаларды мектепке кіргізбеген дұрыс па? Жоғары сот шешім шығарды

Орамал таққан балаларды мектепке кіргізбеген дұрыс па? Жоғары сот шешім шығарды
elements.envato.com

Еліміздің Жоғарғы соты балаларын орамал тағуына байланысты мектепке кіргізбеу әрекеттерін заңсыз деп тану туралы ата-ананың шағым-арызына қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды

Ата-аналар жалпы білім беретін мектептің әрекетіне шағымданып, талап қойған болатын. Сот білім алу құқығы Қазақстан азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі екенін атап өтті. Осыған орай, апелляциялық соттың шешімі қолдау тапты, ал мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың бұрынғы шешімі күшін жойды. Нәтижесінде талап қою қанағаттандырылды.

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктерге бейінді министрлік ие екенін атап өтеміз. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмады және жойылған жоқ, - делінген сот хабарламасында.

Сот өкілдері ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға жауапты екенін атап өткен.

Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен оқыту, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өзіне алған және заңмен белгіленген міндеттерін орындамауы заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген жауаптылыққа әкеп соғады, - делінген хабарламада.

Атырау, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарының соттары оқушыларды оқу процесіне жібермеу бойынша істерді қарау кезінде осындай қорытындыға келді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Кеше, 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →