×

Қазақстанда мектеп оқушылары Жаңа жылда неше күн демалады

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады

Қазақстанда мектеп оқушылары Жаңа жылда неше күн демалады
Фото: kstnews.kz

Желтоқсанның аяғында оқушылар қысқы каникулға шығады. Балалардың демалысы он күнге созылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша, екінші тоқсанда оқушылар сегіз апта оқиды. Қысқы каникул 2024 жылғы 30 желтоқсанда басталып, 2025 жылғы 8 қаңтарда аяқталады. Яғни балалар 10 күн демалып, 9 қаңтарда қайтадан мектепке оралады.

Сондай-ақ 1-ші сыныптарға үшінші тоқсанда 7 күнге созылатын қосымша демалыс беріледі. Бастауыш сынып оқушылары 10 ақпан мен 16 ақпан аралығында демалып, 17 ақпанда сабағын жалғастырады.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Көктемгі каникул 21 наурыздан 31 наурызға дейін созылады.

Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Жылдағы дәстүр бойынша еліміздің барлық мектебінде 25 мамыр күні соңғы қоңырау соғылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандық жоғары оқу орындарын интернационалдандыру жүріп жатыр
17.01.2025ж. 17:10

Қазақстандық жоғары оқу орындарын интернационалдандыру жүріп жатыр

Интернационалдандыру стратегиясы қазақстандық жоғары оқу орындарын әлемдік қоғамдастыққа интеграциялауға  бағытталған
Мекемеде санитарлық, көші-қон, өрт-техникалық және құрылыс нормалары бұзылған
Жаңа мектептердің ашылуы – бұл жай ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау
Жаңа ғимарат нысаны 900 оқушыға арналған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →