×

"ҚазМұнайГаз" есебінен Жаңаөзенде Оқушылар сарайы салынады

Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары басталып та кетті

"ҚазМұнайГаз" есебінен Жаңаөзенде Оқушылар сарайы салынады
Видеодан кадр

Кешен жаңаөзендік балаларға заманға сай білім беруге арналған, деп хабарлайды Qaz365.kz “ҚазМұнайГаз” компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қандай кешен?

Bolashaq Sarayi жаңаөзендік жасөспірімдердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін орталық болады. Ауданы 3000 шаршы метрлік кешен балаларға білім алуға және шығармашылықпен айналысу үшін заманауи мүмкіндіктер ұсынады. Жаңа Оқушылар сарайына күніне 350-ден астам бала бара алады.

Бүгінгі таңда қазаншұңқырды дайындау бойынша жұмыстар аяқталды, нысанның архитектуралық тұжырымдамасы мен бас жоспары бекітілді. Сонымен бірге құрылыс бригадалары жұмылдырылып, қажетті материалдар алынды. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы және нысанды пайдалануға беру 2025 жылдың соңына жоспарланған. Жалпы, “ҚазМұнайГаз” кәсіпорындары орналасқан өңірлерде әлеуметтік жобаларды тұрақты негізде іске асыруда.

Басқа да жобалар

Жалпы, “ҚазМұнайГаз” Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салып жатыр. Зауытты жобалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мердігер тартылған. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау 2025 жылға жоспарланған.

Одан бөлек, Жаңаөзенде мұнай-газ өндіруге қажетті тауарлар өндіретін зауыт салынады. Бұл «ҚазМұнайГаздың» Жаңаөзенде мұнай-газ жабдықтары өндірісін қалыптастыру үшін инвесторлар тарту бағдарламасының арқасында мүмкін болып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандық жоғары оқу орындарын интернационалдандыру жүріп жатыр
Кеше, 17:10

Қазақстандық жоғары оқу орындарын интернационалдандыру жүріп жатыр

Интернационалдандыру стратегиясы қазақстандық жоғары оқу орындарын әлемдік қоғамдастыққа интеграциялауға  бағытталған
Мекемеде санитарлық, көші-қон, өрт-техникалық және құрылыс нормалары бұзылған
Жаңа мектептердің ашылуы – бұл жай ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау
Жаңа ғимарат нысаны 900 оқушыға арналған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →