×

"Жұмыста жоқ-жалақы алған": Мақтаралдағы білім басқармасындағы былық

Олар жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аударып отырған

"Жұмыста жоқ-жалақы алған": Мақтаралдағы білім басқармасындағы былық
Сурет: finbiz.kz

 Мақтаарал ауданының 43 лауазымды басшысы 2,4 млрд теңге жымқырған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы мәлімдеп отыр.

“Мақтаарал ауданы Білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы мен жауапты қызметкерлеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден астам) жымқыру фактісі туралы істі сотқа жолдады. Жымқыру білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы жасалған.Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 млн теңге болатын мүліктеріне тыйым салынды”, – делінген прокуратура хабараламасында.

Қазіргі уақытта іске қатысты барлық материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мен өз позициямда қаламын»: Аида Балаеваның ұсынысына Оқу-ағарту министрі не дейді
07.03.2026ж. 07:55

«Мен өз позициямда қаламын»: Аида Балаеваның ұсынысына Оқу-ағарту министрі не дейді

Мектеп директоры ешкімнің өмір бақи отыратын орны болмауы қажет

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →