×

Елдос Сметов өз марапатын білім олимпиадасының чемпионына табыстап қошеметке бөленді

Сметов осы «Қызық премия» берген марапатты бастамасы болсын деп, химия пәнінен олимпиада чемпионы Санжар Бейсенәліге табыстағым келеді деп айтты.

Елдос Сметов өз марапатын білім олимпиадасының чемпионына табыстап қошеметке бөленді
видеодан кадр

«Хабар» арнасы көрсеткен «Қызық премия-2024» жобасында Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов «Жылдың үздік спортшысы» атанды, деп хабарлайды  Qaz365.kz. 

Алайда спортшы өз марапатын білім мен ғылымды қолдау мақсатында химия пәнінен 2023 жылғы олимпиада чемпионы Санжар Бейсенәліге табыстауды жөн көреді.

Мен өзім «Жыл спортшысы» номинациясын осыған дейін 3-4 рет алдым. Қазір Халықаралық дзюдо федерациясы 2024 жылғы спорт маусымын қорытындылайтын «IJF Judo Awards 2024» жүлдесінің үміткерлер тізімінің қатарына ендім. Әлемде үздік болуыма қолдау көрсетіңіздер. Енді осы «Қызық премия» берген марапатты бастамасы болсын деп, химия пәнінен олимпиада чемпионы Санжар Бейсенәліге табыстағым келеді, - деді Елдос Сметов.

Айта кетейік, 2023 жылы Қазақстан оқушылары IChO химиядан өткен халықаралық 55-олимпиададан бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Алтын сол кезде «Назарбаев зияткерлік мектебінде» 12-сыныпта оқыған Санжар Бейсенәліге бұйырған. Бұл жарыс әлемдегі ең беделді 7 олимпиаданың қатарына кіреді.

Ал Елдос Сметов «IJF Judo Awards 2024» жүлдесінің үміткерлері қатарында. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандық жоғары оқу орындарын интернационалдандыру жүріп жатыр
17.01.2025ж. 17:10

Қазақстандық жоғары оқу орындарын интернационалдандыру жүріп жатыр

Интернационалдандыру стратегиясы қазақстандық жоғары оқу орындарын әлемдік қоғамдастыққа интеграциялауға  бағытталған
Мекемеде санитарлық, көші-қон, өрт-техникалық және құрылыс нормалары бұзылған
Жаңа мектептердің ашылуы – бұл жай ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау
Жаңа ғимарат нысаны 900 оқушыға арналған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →