×

ҚР Робототехника құрамасы шет ел командаларын Әлем чемпионатына дайындайды

Мұндай ұсыныс – Индонезия, Черногория, Исландия Перу және Ливан елдерінің өкілдерінен түскен

ҚР Робототехника құрамасы шет ел командаларын Әлем чемпионатына дайындайды
kpfu.ru

Асхат Аймағамбетов робототехникадан ҚР құрамасының педагог-жаттықтырушылары Асылбек Мырзахметовпен және Нұрдәулет Досмағамбетпен кездесіп, саланың даму жоспарын талқылады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр әріптестерін Швейцарияда өткен робототехникадан “FIRST GLOBAL CHALLENGE – 2022” әлем чемпионатындағы оқушыларының жеңісімен құттықтады.

Жаттықтырушылар чемпионатқа дайындық және Индонезия, Черногория, Исландия Перу және Ливан елдерінің өкілдерінен келесі жылы осы елдердің командаларын дайындау үшін ұсыныстар түскені туралы айтты.

“Бізде робототехника қозғалысы жылдам дамып келеді. Мұндай ұсыныстардың түсуі жұмысымыздың нәтижесін, еліміздің робототехника саласындағы жоғары жетіктіктерінің көрсеткіші. Көптеген баланың осы бағытқа қызығушылығы жоғары. Мектептерде робототехника кабинеттері ашылып жатыр. Министрдің бірден балаларға хабарласып, арнайы құттықтағанына қатты қуандық. Министрліктің оқушыларды робототехникаға тартуға қолдау көрсетіп, осы қозғалысты дамытып жатқаны қуантады”, –  деп айтты Нұрдәулет Досмағамбет.

Ұлттық құрама жаттықтырушылары Қазақстанда робототехниканы одан әрі дамытуды көздеп отыр. Министрмен бірге мұғалімдер осы бағыттағы бірлескен жұмыстарды талқылады. Асхат Аймағамбетов 2023 жылы робототехникадан ауқымды халықаралық жарысты өткізуді қолдады.

Соңғы жылдары елімізде үш мыңға жуық робототехника кабинеті ашылды. Кабинеттер қажетті құрал-жабдықтармен, оқу жинақтарымен және оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ балаларға арналған арнайы білім беру бағдарламалары әзірленген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365 редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Өртке оранған хостелде тұратын студенттердің қайда оқитыны белгілі болды
Кеше, 19:23

Өртке оранған хостелде тұратын студенттердің қайда оқитыны белгілі болды

Жалпы хостелдегі өрт салдарынан 13 адам қаза тапты
Сондай-ақ Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Алғыс хатымен бірқатар мұғалім марапатталды
Қылмыс Сарқанд қаласындағы қонақүйлердің бірінде болған
Хат жазған ұстаздар үш мәселені көтерген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →