×

Қазақстандық қос университет Азиядағы үздік жүздікке кірді

Азиялық жоғары оқу орындарының тізбесінде еліміздің 32 университеті бар

Қазақстандық қос университет Азиядағы үздік жүздікке кірді
ҚазҰУ баспасөз қызметі

Қазақстандық қос университет Азиядағы үздік жүздікке кірді, qaz365.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек QS Quacquarelli Symonds президенті Нунцио Кваквареллимен кездесті. Жиынға жоғары оқу орындарының ректорлары да қатысты. Олар қазақстандық университеттердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқылады.

Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да өткен кездесуде QS Quacquarelli Symonds негізін қалаушы Нунцио Квакварелли тұсаукесер өткізді. Оның айтуынша, Қазақстан Азия университеттері рейтингінің жаңа шығарылымында үздік нәтижелер көрсетті.

Екі қазақстандық жоғары оқу орны Азиядағы үздік 100 университеттің қатарына кірді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 44-орынды иеленіп, үздік азиялық жоғары оқу орындарының топ-50 тізіміне енді. Ал, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 96-орынға орналасты. Қазақстан Орталық Азияның басқа елдеріне қарағанда рейтингте көш ілгері. Үздік азиялық жоғары оқу орындарының тізбесінде еліміздің 32 университеті бар.

Орталық Азияның үздік үштігіне де қазақстандық жоғары оқу орындары енген. Олар халықаралық индикаторлар бойынша ең жоғары орындарда тұр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия өңіріндегі жұмыс берушілер арасында академиялық беделдің ең жоғары көрсеткіштеріне ие. Үздік үштікке Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және Satbayev University кірді.

 «Еліміздегі жоғары білім саласы халықаралық деңгейде танылып келе жатқанын көріп отырмыз.  Әлемдік рейтингтерде алға жылжу – қазақстандық білім беру сапасы мен университеттердің мәртебесін жақсартудың көрнекі дәлелі. Бұл біздің жоғары оқу орындарының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді»,  деді министр.

Министр Саясат Нұрбек шетелдік мейманға елімізге сапары үшін алғысын білдіріп, қазақстандық жоғары оқу орындары QS рейтингінде жаңа шыңдарға жету үшін жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дене шынықтыру сабағын «ұл, қыз» деп екіге бөлу керек – Ғани Бейсембаев
Кеше, 16:34

Дене шынықтыру сабағын «ұл, қыз» деп екіге бөлу керек – Ғани Бейсембаев

Министр дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің мәселесін көтерді
Телефонға деген тәуелділік тек балаларға ғана тән емес
Видеодағы әрекеттер желі қолданушыларының наразылығын тудырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →