×

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары "Болашақ бағдарламасымен" оқи алады

Сенат мәдениет, білім және тәлімгерлік саласындағы жаңа нормаларды мақұлдаған

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары "Болашақ бағдарламасымен" оқи алады
Сурет: ortcom.kz

Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім ала алатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сенат мәдениет, білім және тәлімгерлік саласындағы жаңа нормаларды мақұлдап енгізген. Атап айтқанда:

  • “Жетім балалар мен қамқорлықсыз қалған балаларға арналған "тәлімгерлік ұйымы" ұғымы енгізіледі.
  • Қазақ тіліндегі мәтіндерді талдау және генерациялау үшін АИ тілдік моделін, сондай-ақ "ұлттық сөздік қоры" және "қазақ тілінің ұлттық корпусы" ақпараттық жүйелерін жасау.
  • Халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері олимпиада мамандығы бойынша бакалавриатты қоса алғанда, "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына түсе алады”, – делінген заңдағы жаңа нормаларда.

Заң жобасы қазір Президентке қол қоюға жіберілген.

Еске сала кетейік,  қараша айында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасында қандай өзгерістер болатыны жайында редакция тілшісіне берген сұхбатында бүгінгі заңнамадағы өзгерістерді тілге тиек еткен болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады
16.07.2025ж. 18:36

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев мұны елдің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалаға
Еліміздің атынан қатысқан төрт оқушының бәрі жүлдеге ие болды.
ҰБТ өткізу кезеңінде 711 ереже бұзушылық тіркелді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →