×

«Болашақ» бағдарламасы бакалаврды қайтаратын болды: қандай түлектер шетелде тегін білім алады?

Бағдарламаның ережелеріне өзгеріс енеді

«Болашақ» бағдарламасы бакалаврды қайтаратын болды: қандай түлектер шетелде тегін білім алады?
Фото: informburo.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасында қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда Президенттің бірқатар тапсырмаларына сәйкес «Болашақ» бағдарламасының ережелері өзгертілуде. 

«Ғылыми тағылымдамалардың саны екі есе қысқартылады. 250 грант бөлінеді. Босаған гранттарды жаңа бағыттарға бағыттаймыз. Бірінші, жасанды интеллект. Келесі жылдан бастап жылына жасанды интеллект саласындағы сарапшыларын дайындау үшін 100 грант квота ретінде бөлек бөлінеді. Оның ішінде ғылыми тағылымдама, докторантура және магистратура. Екінші үлкен өзгеріс - келесі жылдан бастап бакалавриат қайтарылатын болады. Бұл өте жақсы серпін береді деген үміттеміз. Бакалавриатқа халықаралық олимпиадаларда, ғылыми конкурстарда жүлделі орындары бар талапкерлер түсе алады. Яғни, мықты университетке түсіп, халықаралық олимпиадаларға қатысқан балаларға арнайы квота ашылады. Бұрын мемлекеттік қызметкерлерге сондай квота болған. Енді сол қайтарылады», - дейді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда мықты жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне шақыру, енгізу – үлкен мәселе. Одан кейін ол ұсыныс ретінде біраз резонанс тудырған.

«Халықаралық үлкен ұйымдарда, БҰҰ-да, біздің Қазақстан мүше болған ұйымдарда «Болашақ» бағдарламасының түлектері жұмыс істеуге мүмкіндік берілсін деген. Бұл – біздің СІМ, сыртқы ведомстволар, елшіліктер тарапынан шыққан ұсыныс. Біз қазір оны қарастырып жатырмыз. Бұл сұрақты ашық талқылауға қойдық. Неге десеңіз, кейбір мемлекеттерде Ресей, АҚШ, Қытай, Еуропа елдері, Түркия болсын – халықаралық ұйымдарға өзінің азаматтарын жұмыс істеуіне, қызметте көретілуіне арнайы бағдарламалар да бар. Ол ұйымдардың елге деген, Қазақстанға деген ықпалы бар. Грант түрінде, шешім қабылдағанға, халықаралық-заңнамалық өзгерістерде... Сондықтан, осы ұйымдарда біздің өкілдеріміз болғаны абзал. Сондықтан ұсыныс талқыланып жатыр», - деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сәтбаев университеті жаңа студенттік жатақхана құрылысының іргетасын қалады
29.11.2024ж. 16:50

Сәтбаев университеті жаңа студенттік жатақхана құрылысының іргетасын қалады

Іс-шараға жобаға қатысушы барлық жеті тараптың өкілдері қатысты
Кеш бағдарламасының аясында  Қазақстанның ең үлкен туы — аумағы 800 шаршы метр, салмағы шамамен 60 килограмм жібек ту ашылды
Оқушының әкесі бұған дейін бас киімге нақты тыйым салынбағанын айтқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →