×

«Студенттер өз бөлмесі мен төсегіне дейін таңдай алады»: Саясат Нұрбек жатақхана мәселесін қалай шешкенін айтты

ЖОО жанында арнайы оқу орталықтары құрылды.

«Студенттер өз бөлмесі мен төсегіне дейін таңдай алады»: Саясат Нұрбек жатақхана мәселесін қалай шешкенін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Qaz365.kz тілшісіне былтыр шу шыққан жатақхана мәселесін биыл қалай ың-шыңсыз шешкенін айтып берді.

«Жатақханада жиналып қалған дефицит өте жоғары болды. Үш нәрсені былтырдан жүргізе бастадық. Біріншіден, әр жоғары оқу орнының жанында арнайы оқу орталықтары құрылды. Алдын ала жатақханаға тапсырыс түседі. Келген бетте емес, алдын ала оларға хабарлама келеді. «Біздің университетке қош келдіңіз!» деп бірден грант алған студентке ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі. «Бізде осыншама жатақханада орын бар» деп ақпарат беріледі. Цифрлық форматта жұмыс істейді», - дейді Саясат Нұрбек.

Министрдің сөзінше, бүгінге дейін ақпараттандыру жұмыстары әлсіз болған. Бұрын оқуға түскен студенттер «жатақханам қайда» деп, қағаз түрінде тізімдеп тапқанша, орын бергенше уақыт кетіп, шу шыққан. Сол үшін университеттердің көбі цифрлық форматқа көшкен. Кейбір университетте Эйр Астана компаниясының жүйесіндей студенттер өз бөлмесіне дейін, төсек орындарына дейін белгілей алады.

«Екіншісі – ахуалдық орталықтар. Келген студентті әр университетте орталықтар күтіп алады. Үшінші жылдан бері тамыз-қыркүйек айларында қосып отырмыз. Біртұтас нөмір өзгерген жоқ. Арнайы даярланған мамандар бар. Биыл екі мыңнан астам шағым түсті. Бірден мәселе болған жағдайда сол университетпен байланысып, ректорларды, проректорларды қосып, ахуалдық орталық мәселені бірден шешуге тырысады», - дейді министр.

Саясат Нұрбек әр университеттің жанында арнайы бірнеше бөлім даярланып қойғанын мәлімдеді. Ол бөлімдер жаңадан келген студенттерге көмектеседі. 

«Осы үш шара іске асырылды. Биыл көріп отырсыздар, шу шыққан жоқ. Бәрін жүйелі түрде мәселені шешетін боламыз», - дейді Саясат Нұрбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда мектеп оқушылары Жаңа жылда неше күн демалады
Бүгін, 17:17

Қазақстанда мектеп оқушылары Жаңа жылда неше күн демалады

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады
Қысқы демалыс кезеңі 2024 жылдың 30 желтоқсаны мен 2025 жылдың 8 қаңтары аралығында 
Бұл туралы толығырақ Асхат Аймағамбетов айтты
Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары басталып та кетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →