×

Ғалымдар мен ҒЗИ орталықтарының цифрлық паспорты әзірленді

Бұл мақсатта E-labs модулі іске асырылып, жұмыс істейді

Ғалымдар мен ҒЗИ орталықтарының цифрлық паспорты әзірленді
Сурет: facebook.com/gylym.jogarybilim

Қазақстанда ғалымдардың бейіні мен Ғылыми-зерттеу институттарының цифрлық паспорттары әзірленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 
 Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов ОКҚ брифингінде айтты.

«Бүгінгі таңда экожүйенің айтарлықтай бөлігі жасалды, атап айтқанда негізгі аналитикалық модульдерді құрылды. Ғылыми порталда ғылыми деректерді орталықтандырылған сақтауды, өңдеуді және оған қол жеткізуді қамтамасыз ететін E-labs модулі іске асырылды, бұл ғалымдарға, зерттеу топтары мен ұйымдарға бірлесіп жұмыс істеуге, идеялар мен зерттеу нәтижелерімен бөлісуге және жобаларды үйлестіруге кеңістік жасайды. Қазақстанда ғылыми ақпараттың орталықтандырылған басқарылуы мен ашықтығын арттырудың маңызды құралдары – Ғалымның бейіні мен Ғылыми-зерттеу институттарының цифрлық паспорттары әзірленді», – деді Нұрсұлтан Махатов .

Ғылымды дамытудың басым бағыттарын бекітуден бастап ғылыми жобаларды іске асыруға қаржы бөлуге дейін қаржыландырудың конкурстық рәсімдерінің негізгі процестерін жүзеге асыратын «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің функционалы кеңейтіліп,  жаңғыртылған. Ғылыми жарияланымдарды бағалау және талдау үшін Қазақстандық ғылыми дәйексөз индексі жұмыс істейді. Бұл жүйелер экожүйенің өзегі болып табылады және ғылыми қоғамдастық қызметінің негізгі көзі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның үздік 100 мектебі анықталды
Бүгін, 22:08

Қазақстанның үздік 100 мектебі анықталды

Бастама орта білім беру сапасын арттыруға және балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша тиімді әдістемелерді таратуға бағытталған және ол жыл сайынғы практикаға айналады.
Италия жоғары оқу орындарының арасында 58 екіжақты келісімге қол қойылған
Аятжан Ахмежанұлы көшеде кетіп бара жатсаң, кей адамдардың сөзінен адам ұялады. Сөзден құсық төгіліп, жын шашырап кетіп бара жатқан адамдарды көресің деп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →