×

ҚазҰУ жас ғалымдарының 32 жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды

Бұл жобалардың жалпы сомасы 935 059 876,08 – теңгені құрайды

ҚазҰУ жас ғалымдарының 32 жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды
Сурет: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі

2025-2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ барлығы 38 конкурстық өтінім ұсынылған. Ұлттық ғылыми кеңестің нәтижесінде, ҚазҰУ жас ғалымдарының жалпы сомасы 935 059 876,08 теңгені құрайтын 32 жобасы 2025–2027 жылдарға арналған қаржыландыруға мақұлданды. Алдыңғы және өткен жылдары гранттық конкурста университеттен 25 жоба қабылданған болатын.Гранттар экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану, энергия, озық материалдар және көлік, озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар саласын қамтыды”, – делінген хабарламада.

Бұл конкурс жыл сайын жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру, ғылымға дарынды жастарды тарту және жас зерттеушілердің үлесін арттыру үшін өтеді.

Сонымен қатар, елдің зияткерлік әлеуеті, өмір және денсаулық туралы ғылым, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік сияқты бағыттар бойынша бөлінген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
5 триллион теңге тәуекелге тігілмек пе: Экс-вице-министр бюджетті аудандарға беруге қарсы шықты
Бүгін, 09:57

5 триллион теңге тәуекелге тігілмек пе: Экс-вице-министр бюджетті аудандарға беруге қарсы шықты

Оның айтуынша, мұндай модель Қазақстанда бұрын да қолданылған және өзінің тиімділігін дәлелдей алмаған
Іс-шараға Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарының өкілдері де қатыст
2025 жылдан 2026 жылдың сәуір айына дейін «Келешек» мектебінде 10 рет тексеру жүргізілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →