×

Динара Құлыбаеваға қатысы бар ҚБТУ мемлекетке қайтарылды

Белгілі университет мемлекет меншігіне қайтарылды

Динара Құлыбаеваға қатысы бар ҚБТУ мемлекетке қайтарылды
Фото: Facebook/Kazakh British Technical University

Динара Құлыбаеваға қатысы бар Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаржылық есептілік депозитарийіндегі ақпаратқа сәйкес, енді университеттің жаңа иесі - Қайтарылған активтерді басқару компаниясы. Бұл компанияның жалғыз құрылтайшысы және қатысушысы – Қазақстан Үкіметі. Университеттің акционерлік құрамындағы өзгерістер 27 ақпанда ресми тіркелген.

ҚБТУ 2001 жылы 3 тамызда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен құрылған. Қазақстан тарапынан құрылтайшысы – Үкімет, ал уәкілетті органы – Білім және ғылым министрлігі. Британ тараптан университеттің серіктестері Ұлыбритания елшілігі мен оның негізгі өкілі Британдық кеңес болды.

2003 жылы университет "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының меншігіне өтті, сол кезде компания университеттің жалғыз акционері болған. 2018 жылы жекешелендіру бағдарламасы аясында ҚБТУ Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры қарамағына өтті. Қордың құрылтайшыларының бірі – Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева.

2023 жылы шілде айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заңға қол қойды. Ол кезде бұл механизм ірі коррупцияға ұшыраған тұлғалар мен әкімшілік-билік ресурстары бар олигополия топтарына қолданылатыны айтылған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Республикалық «LEADER TOPIQ» байқауы кезекті кезеңіне аяқ басты
Бүгін, 14:17

Республикалық «LEADER TOPIQ» байқауы кезекті кезеңіне аяқ басты

Челлендж аясында тікелей эфирге бірінші болып Астана қаласының ұстаздары қосылды
Мереке қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі бұл жайында мәлімет жариялаған
Ауыл мұғалімдеріне ерекше көңіл бөлінуіп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →