×

Қазақстан мектептерінде жаңа пән енгізу ұсынылды

Берік Асылов мұндай сабақтардың саналы, жас ұрпақты тәрбиелеуге көмектесетініне сенімді.

Қазақстан мектептерінде жаңа пән енгізу ұсынылды
Фото: Qaz365.kz/B.Karipov

Бас прокурор Берік Асылов жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресу үшін мектептерде жаңа пән енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Берік Асыловтың айтуынша, бүгінде өкінішке қарай, кейбір жасөспірімдер төбелес пен одан да ауыр қылмыстарға барып жүр.

"Көпшілігі заңды бұзып жатқанын білмеген. Олар бұл үшін жауапкершіліктің бар екенін түсінбеген. Нағыз қауіп – құқықтық сауатсыздық. Сондықтан біз уәкілетті органға маңызды ұсыныс жасадық – 7-сыныптан бастап мектептерде "Заң және Тәртіп" атты міндетті пән енгізу.

Бұл пәнді қызметтегі заңгерлер мен құқық қорғау органдарының ардагерлері жүргізсе, олар тек біліммен емес, өмірлік тәжірибемен де бөлісе алады", - деп жазды еліміздің бас прокуроры X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Берік Асылов мұндай сабақтардың саналы, жауапты, заң мен тәртіпке құрметпен қарайтын жас ұрпақты тәрбиелеуге көмектесетініне сенімді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның үздік 100 мектебі анықталды
30.05.2025ж. 22:08

Қазақстанның үздік 100 мектебі анықталды

Бастама орта білім беру сапасын арттыруға және балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша тиімді әдістемелерді таратуға бағытталған және ол жыл сайынғы практикаға айналады.
Италия жоғары оқу орындарының арасында 58 екіжақты келісімге қол қойылған
Аятжан Ахмежанұлы көшеде кетіп бара жатсаң, кей адамдардың сөзінен адам ұялады. Сөзден құсық төгіліп, жын шашырап кетіп бара жатқан адамдарды көресің деп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →