×

"Жұмысқа тұру үшін 1,5 млн бересің": Созақтық ақсақал мектептердегі жемқорлықтың бетін ашты

Мектептерге ауданнан келген комиссияға 5, облыстан келген комиссияға деп 10 мыңнан жиналған

"Жұмысқа тұру үшін 1,5 млн бересің": Созақтық ақсақал мектептердегі жемқорлықтың бетін ашты
Сурет: Бейнеден кадр

Түркістан облысы Созақ ауданында мектептер мен білім бөліміндегі жемқорлықтың жымысқы әрекеттері айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы шындықты Түркістан облысы Нұралхан Көшеровтің Созақ ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мәлім етіп, әкімнен осы мәселені шешіп беруді сұраған.

“Немерелеріміз Жоғары оқу орнын бітіріп келген соң мектепке жұмысқа орналасайын десе, облыс орталығына барып біліктілігін тексеретін тест тапсыруды міндеттейді. Облыс орталығы Түркістанға барып тест тапсырып, өтіп тұрса да аты-жөнің компьютерде шықпай тұр, ауданға барып енгізіп келіңіз деп қайтарып жібереді. Ауданға келсе мектеп директорына жібереді. Ал мектеп директоры, атыңды базаға енгізу үшін 1,5 млн теңге сұрайды. Берсең тіркейді, бермесең жоқ. Ал егер беретін болсаң облыстағы тесттен өтсең де, өтпесең де өткізіп жібереді. Сосын мектеп бітіретін балаларымыздың 25-тен тек бесеуі ғана грантқа оқуға түседі. Қалған 20-сы ақылы оқиды. Бұрын біздің кезімізде ауыл балаларының бәрі тегін оқитын еді. Білім сапасы жақсы еді. Қазір білім беру деңгейі түсіп кетті. Оған себеп: мектептерге ауданнан келген комиссияға деп 5 мың, облыстан келген комиссияға 10 мыңнан мұғалімдерден ақша жинап алады. Келген комиссия мектеп асханасына жайылған дастарханға келеді де, жиналған ақшаны алып қайтып кетеді. Білім сапасын, мектеп-сыныптардың жайын, оқушыларды тексермейді. Осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймын, әкім мырза”, – деді жиында сөз сөйлеген ауыл ақсақалы.

Ал оған облыс әкімі ақсақалдың сөзін тыңдап, мәселелерді шешуге аудан тұрғындарының көмектесуін сұрады.

“Ақсақал, немерелеріңізбен болған оқиғада олар құқық қорғау органдарына арыздансын. Нақты фактілер келтірсе, ешкім мұндай қылмыстан жалтарып кете алмайды. Қашанғы мұндай жағдайларға көз жұмып жүре бермекпіз. Сондықтан осындай жағдайлар кездессе, бірден құқық қорғау органдарына әкімдіктерге арыз-шағыммен барыңыздар. Сіздер болып, біздер болып мұндай жағдайлардың алдын алуымыз керек. Ол үшін өздеріңіздің ашықтықтарыңыз бен қажырлы көмектеріңіз қажет”, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғылымға адалдық - абыройлы ғұмыр
Кеше, 17:15

Ғылымға адалдық - абыройлы ғұмыр

Ғылым күні Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күнімен сәйкес 12 сәуірде белгіленген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →