×

Мұғалімдер мен оқушылардың сабақ кезінде телефон қолдануына тыйым салынбақ

Оқу-ағарту министрлігі мектеп ережелеріне өзгерістер енгізбек

Мұғалімдер мен оқушылардың сабақ кезінде телефон қолдануына тыйым салынбақ
Ben Birchall / PA / ТАСС

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектептің үлгілік ережелеріне толықтырулар енгізбек, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атап  айтсақ, білім алушылар білім беру ұйымынан тыс болған кезде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері жауапты болады. Ал білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымынан тыс жерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік білім беру ұйымы басшысының бұйрығына сәйкес педагогтерге жүктеледі.

Сонымен қатар білім алушы теріс қылықтар жасаған, мектептің ішкі тәртіп қағидалары талаптарын бұзған кезде оны сабақтардан шеттетуге, сондай-ақ ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қасында еріп жүруінсіз білім беру ұйымынан шығаруға жол берілмейтіні жазылған.

Білім беру ұйымы ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді қажет болған жағдайда оларды білім беру ұйымына шақыра отырып, болған жағдай туралы хабардар етеді және тиісті шаралар қабылдайды.

Сондай-ақ мұғалімнің шешімі бойынша сабақта қолдану қажеттігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтар сабақта мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайды.

Құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды. Қоғамдық талқылау 28 наурызға дейін жалғасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда жүлдегерлер мен мұғалімдерге сыйақы төленетін халықаралық олимпиадалардың тізімі ұлғайтылды
Бүгін, 16:16

Қазақстанда жүлдегерлер мен мұғалімдерге сыйақы төленетін халықаралық олимпиадалардың тізімі ұлғайтылды

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ педагогтер мемлекеттік бюджет қаражатынан біржолғы сыйақы алатын болады.
Академияда грант атаққа емес, нақты нәтиже мен тәртіпке қарай берілетінін айтылды
Қазіргі таңда Қазақстанның орта білім беру жүйесінде барлығы 8 848 мектеп бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →