×

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі аталып өтетін күн өзгертілді

Енді бұл мереке Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі аталып өтетін күн өзгертілді
syr-media.kz

Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні енді 5 қазанда атап өтіледі. ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.

Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ынталы жастар ғылымды дамытуда: Сәтбаев университетінің студенті өз жобасы үшін миллион теңге ұтып алды
Кеше, 17:51

Ынталы жастар ғылымды дамытуда: Сәтбаев университетінің студенті өз жобасы үшін миллион теңге ұтып алды

Ол - науқастың қызыл иегінің ауырсынуын анықтайтын жаңа құралдың авторы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен
Аттестаттау жүйесі техникалық сипаттағы мәселелерден бөлек, төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын практикалық білімді қалыптастыруға мүмкіндік береді
Ол нәтижелерді бұрмалау олардың оқушыларына қалай зиян келтіретінін түсіндірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →