×

International STEM Olympiad 2025: Қазақстан оқушылары 42 медаль жеңіп алды

International STEM Olympiad 2025: Қазақстан  оқушылары 42 медаль жеңіп алды

Испанияның Барселона қаласында өткен International STEM Olympiad халықаралық олимпиадасында жас қазақстандықтар айтарлықтай табысқа қол жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан құрамасында 26 мектеп оқушысы болды, олар үш бағыт бойынша бақ сынады: математика, жаратылыстану ғылымдары және инженерия. Олимпиадаға түрлі елдерден 260-тан астам қатысушы жиналды.

Жалпы қорытынды бойынша, қазақстандық оқушылар 42 медаль жеңіп алып, отандық білім беру сапасының жоғары деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.

Математика: 5 алтын, 3 күміс және 13 қола медаль

NURORDA мектебінің командасы математика бағытында үздік атанып, 21 жүлде иеленді.

Алтын медаль иегерлері:

Ақназар Әбутәліп (8-сынып)

Асығат Дүйсенов (8-сынып)

Әзиза Дәурен (8-сынып)

Жәнгір Түсіпбаев (7-сынып)

Мейіржан Темірұлы (8-сынып)

Күміс медаль иегерлері:

Айсұлтан Амангелді (7-сынып)

Айзере Байырбек (7-сынып)

Сүйімбике Оралбек (6-сынып)

Қола медаль иегерлері:
Дания Сарқұлова, Бекзат Марат, Дария Батталова, Данара Төребай, Аида Жұмабек, Әнел Темірқызы, Айсу Жәнгереева, Жания Сейілова, Жансая Қуаныш, Рүстем Түсіпбай, Хаким Нүркенов, Кенжебек Айсұлтан, Даниял Ерсейітов

Жаратылыстану ғылымдары: 3 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль

Бұл бағытта да қазақстандық оқушылар табысты өнер көрсетті. Нәтижесінде 14 медаль жеңіп алды.

Алтын медаль иегерлері:

Асығат Дүйсенов (8-сынып) – абсолютті жеңімпаз

Аида Жұмабек (8-сынып)

Бекзат Марат (8-сынып)

Күміс медаль иегерлері:

Ақназар Әбутәліп (8-сынып)

Шамсия Қажытаева (8-сынып)

Жания Сейілова (9-сынып)

Қола медаль иегерлері:

Айсұлтан Амангелді, Әнел Темірқызы, Данара Төребай, Айзере Байырбек, Аружан Теміртас, Мейіржан Темірұлы, Сәкен Шілдебай, Дара Әділхан.

Асығат Дүйсенов жаратылыстану ғылымдары бойынша абсолютті жеңімпаз атанып, осы бағытта да, математикада да алтын медаль жеңіп алды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →