×

Посткеңестік елдерде орыс тілінде оқитын оқушылардың саны екі есе азайған

Мектептегі орыстардың жалпы саны бойынша Өзбекстан мен Қазақстан көш бастап тұр

Посткеңестік елдерде орыс тілінде оқитын оқушылардың саны екі есе азайған
gu.spb.ru

Посткеңестік елдерде орыс тілінде оқитын оқушылардың саны екі есе азайған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі kommersant-ке сілтеме жасап.

Сарапшылардың пікірінше, соңғы 30 жылда посткеңестік елдерде (Ресейді қоспағанда) орыс тілінде оқитын оқушылардың жалпы саны 9,2 миллионнан 4,1 миллион адамға дейін, яғни екі есе азайған. Беларуссиядан (11%-ға артқан) басқа барлық елде мектепте орыс тілін үйренушілер азайған. Әсіресе, Литва, Украина, Түрікменстан, Грузия және Армения мектептерде күрт кеміген, – деп жазады басылым.

Басылым білім беру саласындағы орыс тілі туралы соңғы мәліметтер А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институты дайындаған «Әлемдегі орыс тілінің индексі» зерттеуінің екінші нөмірінде жазылғанын еске салады. 

85 жыл бұрын КСРО-да «Ұлттық республикалар мен облыстардағы мектептерде орыс тілін міндетті оқыту туралы» қаулы қабылданды. Соған сәйкес, орыс тілі барлық кеңестік мектепте міндетті пән ретінде енгізілді.

Одақтас республикалардағы орыс тілін оқыту деңгейін 1989 жылғы соңғы бүкілодақтық санақ бойынша бағалауға болады. Онда орыс тілін еркін сөйлейтіндердің үлесі 20%-дан 60%-ға дейін жеткен.

Мақала авторы КСРО ыдырағаннан бері мұндай зерттеулер белгілі бір себептермен жүргізілмегенін, Посткеңестік кеңістіктегі орыс тілінің жағдайын Ethnologue әлем тілдері жөніндегі анықтамалықтың мәліметі бойынша жанама түрде бағамдауға болатынын айтады. 

Бірқатар бұрынғы кеңестік республикада орыс тілі заңнамада бекітілген ресми мәртебеге ие. Мәселен, Беларуссияда ол мемлекеттік (беларусь тілімен бірге), Қазақстан мен Қырғызстанда ресми (түрлі мекемелерде мемлекеттік тілмен қатар қолданылады), Тәжікстанда ұлтаралық қатынас тілі болып танылды. Ол Украина (ұлттық азшылық тілдердің бірі ретінде) және Молдова (ел аумағында қолданылатын тілдердің бірі ретінде) Конституциясында ешқандай мәртебе бермей-ақ бөлек айтылады, – деп жазады.

Сондай-ақ автор  2019-2020 жылдардағы дерекке сүйене отырып, посткеңестік кеңістіктегі (Ресейді қоспағанда) орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің саны соңғы мәлімет бойынша 83,3 мың адам екенін, мектептегі орыстардың жалпы саны бойынша Өзбекстан мен Қазақстан көш бастап тұрғанын жазады. Мұғалімдер саны бойынша Армения алдыңғы орында.  

Мектептегі орыстардың жалпы саны бойынша Өзбекстан мен Қазақстан көш бастап тұр. Ал мұғалімдерінің жалпы саны бойынша Армения алдыңғы орында.

Орта және жоғары оқу орнында оқитындар арасындағы ахуал  да осыған ұқсас екенін айтады. Мәселен, орыс тілінде оқитын ЖОО студенттерінің саны 30 жылда 2,1 есеге — 692,3 мың адамға дейін қысқарған.

 Ресейдің жоғары білімі посткеңестік кеңістіктің бірқатар елінде сұранысқа ие болып отыр. Бұрынғы кеңестік республикадан шыққандар Ресейдің білім ордаларындағы күндізгі оқу бөлімінде инженерлік-техникалық мамандықты, медицина және фармакология, экономика және басқару, білім беру және педагогика пәндерін оқиды. Кейбіреулер орыс тілін мамандық ретінде (2018-2019 оқу жылындағы студенттердің 2%) оқып жатыр, – дейді.  

Ал Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқуға келетін азаматтардың саны бойынша Қазақстан талай жылдан бері көш бастап келеді.

“Ресейдегі барлық шетелдік студенттің бестен бірі  – Қазақстанның тумасы. Грузия мен Балтық елдерінде аздаған сұраныс байқалады”, – дейді автор. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →