×

Мектепте Жасанды интеллектіні смартфонсыз қалай оқытады - Аймағамбетовтың жауабы

Депутат Жасанды интеллектіні пайдалану «сабақты ChatGPT-мен оқу» дегенді білдірмейтінін айтты

Мектепте Жасанды интеллектіні смартфонсыз қалай оқытады - Аймағамбетовтың жауабы
Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектептерде смартфонды қолдануды шектеу мен Жасанды интеллектіні енгізуді қатар қарастыруда қайшылық жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутаттың айтуынша, қазір көптеген мектептер өз бетінше смартфонды мектепке әкелмеу туралы шешім қабылдап жатыр. Зерттеулер де оқушыларға телефонның кері әсерін дәлелдегенін жеткізді.

«Менің ойымша, смартфондарды мектепте реттеу бойынша мәселені қолға алу керек. Көп мектеп телефонды мектепке кіргізбеу бойынша шешімдер қабылдап жатыр. Меніңше, өте маңызды дұрыс шешім. Мәселен, мықты мектептер –  Назарбаев Зияткерлік мектептері, Білім-инновация лицейлері бұл мәселені өздері реттеп отыр. Телефонды шектеген шешім өте дұрыс деп ойлаймын», – деді Аймағамбетов.

Сонымен бірге, ол Жасанды интеллектіні пайдалану «сабақты ChatGPT-мен оқу» дегенді білдірмейтінін атап өтті.

«ЖИ қолдану – бұл сыни ойлау қабілетін дамыту, оқу сауаттылығын арттыру, фактчек дағдыларын үйрету, академиялық адалдықты сақтау, әр оқушыға икемделген оқыту мүмкіндігін ашу деген сөз. Бізде арнайы LMS жүйелері бар, сол арқылы компьютер мен ноутбуктар арқылы білім беруге толық жағдай жасауға болады», – деді депутат.

Аймағамбетовтің сөзінше, дәл осы тұрғыда смартфонды шектеу мен Жасанды интеллектіні дамыту қатар жүзеге асуы тиіс және мұнда қарама-қайшылық жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Директор бір орында ұзақ отырмауы тиіс": Оқу-ағарту министрі мектеп басшыларын ротациялауды ұсынды
30.01.2026ж. 23:51

"Директор бір орында ұзақ отырмауы тиіс": Оқу-ағарту министрі мектеп басшыларын ротациялауды ұсынды

Қазіргі таңда Қазақстанның орта білім беру жүйесінде барлығы 8 848 мектеп бар
Роза Садықова жекеменшік білім беру ордаларының негізі 35 жыл бұрын қаланғанын еске салды
Білім саласындағы заңсыздықтар анықталып, басқа мамандарға жол ашылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →