Саясат Нұрбектің айтуынша, Қазақстанда ғылымның басым бағыттары айқындалаға
Times Higher Education (THE) әлемнің үздік жоғары оқу орындарының жаңартылған тізімін жариялады, оған төрт қазақстандық университет кірді.
Qaz365.kz тілшісі Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті аз-кем сөзге тартып, отандық ғылым саласы қалай дамып жатқанын министрдің өзінен сұрап көрді.
Саясат Нұрбектің айтуынша, Қазақстан университеттері арасында топ жарған Nazarbayev University ғылымның бірнеше басым бағыты айқындалған. Біріншісі — биомедицина. Елде қазір генетика мен геномика бағытында өте мықты зертханалар бар. АҚШ пен Жапонияда сабақ берген, ғылыммен айналысқан. Солар елге қайтып келіп, бірнеше маңызды бағытта жұмыс істеген Дос Сарбасов пен Нұрхат Нұраже сияқты қазақ ғалымдары Қазақстанға оралып, осы бағытты дамытуға кіріскен.
«Мысалы, Дос Сарбасов жетекшілік ететін топ онкологияға қарсы DVS деп аталатын дәрі-дәрмекті шығарап жатыр. Жыл соңына дейін оны тіркеуге тапсырып, келесі жылдан бастап нарыққа шығаруды бастаймыз. Бұл – онкологиялық ауруларға қарсы өте инновациялық дәрі-дәрмек. Дос Сарбасов 12 жыл бойы әлемдегі ең ірі ғылыми орталықтардың бірі Техастағы әйгілі MD Anderson онкологиялық орталығында жұмыс істеген. Бес жыл бұрын Қазақстанға әкеліп, елімізде ғылыми база қалыптастырып келеді», - дейді ол.
Саясат Нұрбек Нұрхат Нұраже ауыл шаруашылығы саласында жақсы жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.
Nazarbayev University (NU) әлемдік Times Higher Education Rankings (THE) рейтингінде 100 орынға жоғарылап, 401–500 үздік университеттер қатарына енді. NU-да бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынатын сегіз мектеп бар: Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі; Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі; Медицина мектебі; Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі; Жоғары бизнес мектебі; Жоғары білім беру мектебі; Жоғары мемлекеттік саясат мектебі; Дайындық мектебі. Бүгінде Nazarbayev University барлық мектептері әлемнің жетекші жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары және зертханаларымен, атап айтқанда Колорадо тау-кен ісі мектебі (АҚШ), Дьюк университеті (АҚШ), Сингапур Ұлттық университеті, Кембридж университеті (Ұлыбритания), Пенсильвания университеті (АҚШ), Питтсбург университетінің медициналық орталығы (АҚШ), Висконсин-Мэдисон университетімен (АҚШ) стратегиялық әріптестікте жұмыс істейді.
Жаңа материалдар шығарады
Екінші үлкен бағыт — жаңа материалдар. Назарбаев Университетінде үлкен жылдамдатқыш бар. Қазақстанда жалпы 7 жылдамдатқыш бар: бесеуі Астанада, екеуі Алматыда. Астанада - ЕҰУ базасында, Алматыда - БСУ-да. Назарбаев университетінде қуаты 5 мегаватттық реактор бар. Сол арқылы көптеген жаңа материалдар шығаруға мүмкіндік туып отыр.
«Жаңа материалдар дегеніміз не? Мен бірде Үкіметте жанбайтын материалды көрсеттім. Жылдамдатқыштар арқылы кез келген материалдардың физикалық қасиеттерін өзгертуге болады. Жанбайтын, су өткізбейтін, тартылатын, созылатын материалдың бәрін жылдамдатқыш арқылы эксперимент жасап, молекуляролық құрылымдарын өзгертуге болады. Қазір жақсы материалдар шығарылып жатыр», - дейді министр.
Іргелі кәсіпорындар ғылымды қаржыландырады
Тағы үлкен бағыт – тау-кен саласы. Назарбаев университетінде өте мықты микроскоптар бар. Солар арқылы тау-кен саласының кен орындарындағы атом структурасы, концентрациясы кен орындарына үлкен көмек берген. ERG, KazMinerals және басқа да ірі компаниялармен бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Ақша тауып, келісімшарт үшін олар ақша төлеп отыр.
Жасанды интеллект және қазақ тілі
Үшінші бағыт – жасанды интеллект. Қазақстанда ISSAI атты жетекші институт бар. Оның директоры – түрік ғалымы Атакан. Саясат Нұрбектің сөзінше, бұл институт қазақ тілін цифрлық форматқа көшіру және қазақ тілінің үлкен тіл моделін (Large Language Model) жасаған. Тіл білімі институттары, «Тіл-Қазына», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және басқа да 8 университет бірігіп, қазақ тілінің лингвистикалық корпусын жасап шыққан.
«Тілді цифрлық форматқа ауыстыру үшін оны бір жүйеге келтіру керек. Корпуста миллиондаған сөз бен сөз тіркестері жинақталған. Тіл білімі Байтұрсынов университетіне барсаңыздар миллиондаған, 60 жылдан бері жинақтаған теледидарда айтылған сұхбаттар, қор дейсіз бе – бір сөзбен өте ауқымды материалдар дейді. Сөз тіркестері, сөз баламалары, қоданыста болған кез келген сөз қалай қоладанады – соның бірнеше миллиард тіркесі бар екен. Соларды біз ISSAI-ға бердік. Оны цифрлық форматқа аударып LLM алгоритмге береді, ол бала секілді үйренеді. Бүкіл қор мысалы 1 млн десек, сол сөздер күнделікті өмірде, мақалада, жаңалықтарда қалай қолданады – сол сөз тіркесерді оны бір жүйеге келтіреді. Ең қарапайым сөзбен түсіндіру үшін бала тілді апа, ата, әже деп үйренсе, оның бәрін біз жазып шығуымыз керек. Соны цифрлық форматқа ауыстырып, үйрету керек», - дейді министр.
Саясат Нұрбектің сөзінше, бірнеше айда суперкомпьютерлер оны тез үйренеді. Осы алгоритмді жаттықтыруды Назарбаев университетінің ғалымдары жасады. Мысалы, Назарбаев университетінің студенттері жасаған «Dola» атты виртуалды көмекші үш тілде сөйлей алады: қазақ, орыс және ағылшын. Ол аудио хабарламаларды да түсініп, жауап қайтара алады. Qaz365.kz тілшісіне министр оны қалай қолданылатынын іс жүзінде көрсетті.