×

Тоқаев әлемнің үздік 50 мұғалімі қатарына енген отандасымызды құттықтады

Тоқаев әлемнің үздік 50 мұғалімі қатарына енген отандасымызды құттықтады
Алматы әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алматылық ұстаз Татьяна Белоусованы Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енуімен құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президент бұл жоғары бағаның ұстаздың өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру жолындағы көпжылдық еңбегінің жемісі екенін атап өтті. Өз сөзінде Мемлекет басшысы еліміздің негізгі мақсаты зияткер ұлтқа айналу екенін айта келе, мемлекет тарапынан мұғалімдердің мәртебесін көтеруге және оларды жан-жақты қолдауға әрдайым басымдық берілетініне тоқталды.

Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусова  – «Қазақстан мұғалімі – 2024» құрметті атағының иегері әрі тәжірибелі педагог-мастер. Ол әлемдік деңгейдегі бұл додада бірнеше күрделі кезеңнен тұратын іріктеуден сүрінбей өтіп, халықаралық сарапшылардың жоғары бағасын алды. Енді жерлесіміз келер жылдың ақпан айында Дубайда өтетін Global Teacher Prize финалистерін марапаттау рәсіміне қатысады.

Айта кетерлігі, биыл Қазақстан бұл жаһандық байқауға бесінші рет қатысып отыр және осы уақыт ішінде отандық мұғалімдер үшінші рет әлемнің ең үздік 50 маманының тізіміне еніп, еліміздің білім беру әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →