Бастамашылар тілге тиек еткен негізгі уәждерін мәлімдеді
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі Абылай ханның тарихтағы айрықша орнын айқындап, оған ресми түрде «Ұлы» деген айқындауды беру жөнінде қоғамдық бастама көтерді. Бұл туралы құжат 2026 жылғы 14 наурызда жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Декларация мәтінінде Абылай ханның еңбегін мойындау — «тарихты байыппен таразылау» екені және ұлттық сананың кемелденгенін көрсететіні жазылған. Құжат авторлары ел басына күн туған алмағайып кезеңде ханның Ұлы дала жұртын біріктіріп, үш жүздің басын қосқанын алға тартады.
Құрметті атауды бекітуге негіз болған басты уәждер мыналар:
Бастама «Ұлы Абылай хан» деген атауды орнықты қолданысқа енгізуді көздейді. Құжатта бұл тіркес қоғамдық тілде, ғылыми еңбектерде және халық жадында берік орнығуы тиіс екені көрсетілген.
Бастамашылар тарихты шынайы зерделеу, елге еңбегі сіңген тұлғалардың орнын айқындау халықтың тарихи сенімін күшейтіп, саяси жауапкершілік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа жеткізуге жол ашады деп санайды.
Декларацияның жариялануы Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп, қоғамның рухани негізін нығайтуға бағытталған қадам ретінде бағаланып отыр.