×

Мейірімсіз болып бара жатыр: Министрлік балалар арасындағы қылмыстың 13 пайызға өскенін растады

Вице-министр осы ретте балаларға арналған SIM-карта беруді ұсынды

Мейірімсіз болып бара жатыр: Министрлік балалар арасындағы қылмыстың 13 пайызға өскенін растады
© Sputnik / Абзал Калиев

Соңғы кездері балалар арасындағы қатігездік, әлімжеттік туралы ақпараттар көптеп тарап жатыр. Оқу-ағарту министрлігі де мұны растап отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бүгін Мәжілістегі комитет отырысына келген Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Балалар арасында құқық бұзу саны артып жатқанын растады.  Бас прокуратураның деректеріне сәйкес, балалар арасындағы қылмыс былтырғы жылмен салыстырған 13 пайызға өскен. 

Бұл – әрине алаңдатарлық жағдай. Министрлік бұл мәселеге қатысты кешенді жоспарларды қолға алып отыр. Бірнеше шұғыл шаралар қабылданды. Ата-аналарды мектептегі тәрбие процесіне тарту бойынша үлкен жұмыстар қажет деп санаймыз. Қазіргі күні жақында болған өрескел оқиғалар бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігімен және жергілікті құрылымдар зардап шеккендерге қажетті медициналық, психологиялық көмек көрсетіп жатыр, – дейді Еділ Оспан. 

Ол ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың жоғалып барады, бұрынғыдай бір дастархан басында үш ұрақтың өкілдері жиналып, тәлім-тәрбиені кейінгі ұрпаққа беретін дәстүрлер бүгінгі таңда мүлдем жоқ деп отыр. 
Вице-министр осы ретте балаларға арналған SIM-карта беруді ұсынды. Ол балаларға арналған SIM-карталар енгізу арқылы олардың әлеуметтік желілерді ата-анасының рұқсатынсыз пайдалануына, түнгі уақытта интертнет желісіне қосылуына шектеу енгізе аламыз дейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында білім бөлімі басшысы жүргізушісін гимназияға орналастырып, жалақысын алып отырған
Бүгін, 11:04

Алматы облысында білім бөлімі басшысы жүргізушісін гимназияға орналастырып, жалақысын алып отырған

686 млн жымқырған Іле аудандық білім бөлімінің басшысы және 7 есепшісінің былығы
Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →