×

Түркістан облысында бір мектептің оқушылары жаппай сабаққа бармай қойған

Оларды ата-анасы жібермей қойған

Түркістан облысында бір мектептің оқушылары жаппай сабаққа бармай қойған
Ашық дереккөз

Түркістан облысының Төлеби ауданында орналасқан «Диханкөл» жалпы орта мектебінде оқитын оқушылар 20 сәуірде жаппай сабаққа бармаған. Оны облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасындағылар растады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Халық үніне сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінше, мектеп директоры орынбасарының қызметінен босатылуын талап еткен ата-аналар кеше балаларын сабаққа жібермей қойған.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ата-аналар екі жасөспірімнің арасында болған келеңсіз оқиғаның әлеуметтік желіде жарияланып, Қазақстанға жаппай таралуына ықпал еткен директордың орынбасарына осылай наразылық білдірген. Оның жұмыстан босатылуын талап еткен.

Оқушылар жаппай сабаққа бармағаннан кейін аудан әкімінің орынбасары, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы, аудан прокурорының орынбасары мен полиция бөлімі басшысының орынбасары 100-ге тарта ауыл тұрғынымен және мұғалімдермен жиналыс өткізген.

Жиын барысында директор орынбасарының денсаулығы сыр беріп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Соған байланысты жиналыс шешімі басшы орынбасары қызметке шыққаннан кейін қабылданатын болды.

Жиналыс кезінде жүргізілген түсіндіру жұмысынан соң ата-аналар балаларын сабаққа жіберуге уәде еткен.

Аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев ата-аналар әлеуметтік желіде жарияланған жазба ғана емес, директор орынбасарының жұмысына, жалпы балаларына мұндай педагогтың білім беруіне қарсы шыққанын айтты. Олардың шағымы заң шеңберінде қаралады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
25.04.2024ж. 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →