×

«Ұят емес!»: Аймағамбетов әлімжеттік көрген оқушыларға қандай кеңес берді

Балалардың арасында қызық түсінік қалыптасқан

«Ұят емес!»: Аймағамбетов әлімжеттік көрген оқушыларға қандай кеңес берді
коллаж Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты, бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов соңғы кездері балалар мен жасөспірімдер арасында көбейген әлімжеттік туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.


Балалардың арасында қызық түсінік қалыптасқан. Сені біреу ұрып-соғатын болсаң, ешкімге айтпауың керек. Ал егер біреу біліп қойса, ұят жағдай. Шын мәнінде, бұл ұят емес! Егер құқығың тапталатын болса, басқа бір бала ұратын болса, бірінші кезекте ата-анаңа, ұстазына айтуың керек. Шыдап, төзіп жүруге болмайды. Жасыру деген – қылмыскерлердің ойлап шығарғаны, - дейді Асхат Аймағамбетов.

Тағы оқыңыз: Балалар арасындағы әлімжеттік: Педагог балалардың мұндай қадамға бару себептерін атады

Ол мұндай әлімжеттікті тез хабарлайтын болса ғана алдын алуға мүмкіндік бар деп отыр.
Сонымен Аймағамбетов балаларына әке ретінде қандай шектеу қоятынын айтып берді. 

- Мен балаларыма бақылау жасаймын. Белгілі бір шектеулер қоямын. Сондықтан мәселе жоқ. Ұлым 2-3 сағаттап әлеуметтік желіде отырмайды. Белгілі бір лимит қоямын. Қандай қосымшаны қарауды, ал қайсысын мүлдем ашпау керектігін өзім айтамын. Күн сайын кешке өзім бақылап, сұрап біліп отырамын. Балама жай ғана шектеу қоюмен тоқтап қалмаймын. Мысалы, медиасауаттылық бойынша үйретемін, - дейді депутат.


Еске сала кетейік, бүгін Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы оқушылардың бір-біріне жасаған әлімжеттігі туралы Премьер-Министр мен Бас прокурорға депутаттық сауал жолдаған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →