×

М.Әуезов университетінде жаңа телестудия ашылды

Ашылу салтанатына оңтүстік өңіріндегі телеарналар мен газет редакцияларының басшылары, ардагер журналистер келді

М.Әуезов университетінде  жаңа телестудия ашылды

Түркістанда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің күндері өтті. Осы айтулы іс-шара аясында білім ордасының Шымкент қаласындағы бас ғимаратында су жаңа телестудия ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Ашылу салтанатына оңтүстік өңіріндегі телеарналар мен газет редакцияларының басшылары, ардагер журналистер келді.

Университеттің басқарма төрағасы-ректор Дария Қожамжарованың айтуынша, студенттерге арналған телестудияны ашудағы басты мақсат – оқу орнының тыныс-тіршілігін насихаттау.

"Білім ордасының ғылыми, мәдени, спорттық, әлеуметтік, тәрбиелік іс шараларымен қатар студенттер  тыныс - тіршілігін насихаттау,  мұрағаттау және телестудия ісіне қызығушы студент жастардан құралған «Студенттік телеарнаны» қалыптастыру.Бұдан былай жас тілшілердің апта барысында жүзеге асырылатын бағдарламары және күнделікті жаңалықтар көрсетіледі" – деді Д.Қожамжарова.


Айта кетейік, 17-19 сәуір аралығында Түркістан қаласында өткен «Әуезов университетінің күндеріне» 100-ге жуық мектеп пен колледж түлектері қатысты.
Бұл шара студенттерді, ата-аналарды және басқа да мүдделі тұлғаларды университеттің ғылыми жетістіктерімен таныстыруға арналған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →