Соңғы кездері жасөспірім балалар арасындағы әлімжеттік, зорлық-зомбылық көбейіп кетті. Өскемен, Алматы облысы, Түркістан облысындағы жағдай сөзіміздің дәлелі бола алады.
Осыған байланысты Qaz365.kz тілшісі педагог Елжас Ертайұлының пікірін білген еді.
Екі себепті атап өткім келеді. Біріншісі, жазалауды көріп өскен бала өзгені жазалауды үйренеді деген бар. Осы қағидаға сүйенген кезде үйде немесе өзінің қоршаған ортасында бала ересектер тарапынан агрессияға душар болса, автоматты түрде кейін өзі де сыртқа шығарады. Бірінші кезекте әлі жететін адамдарға әлімжеттік көрсетеді. Мысалы, ата-анасынан қорқып оған істей алмауы мүмкін. Алайда айналасына достарына немесе өзінен кіші балаларға әлімжеттік танытатындар кездер көп, – дейді Елжас Ертайұлы.