×

Антикор Талдықорғанның білім бөлімі қызметкерлерінің сөмке-сөмке ақшамен ұсталған видеосын жариялады

Күдікті адамдар ұсталды

Антикор Талдықорғанның білім бөлімі қызметкерлерінің сөмке-сөмке ақшамен ұсталған видеосын жариялады
baq.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысының прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған азаматтар білім беру саласында іс жүзінде жұмыс істемейтін үлестес тұлғалардың пайдасына жалақы түріндегі өтеусіз аудару жолымен аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жүйелі негізде ұрлады деп күдіктенеді.

Алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 млрд теңгені құрады.

Қазіргі таңда істің мән-жайларына тиесілі 29  жылжымайтын мүлік объектісіне, қымбат автокөліктерге тыйым салынды.

Күдікті адамдар ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →